Майсор – Сілеті өзені алабындағы көл.
Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданында, Бестөбе кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 36 км жерде, теңіз деңгейінен 180,0 м биіктікте орналасқан.
Гидрографикасы Аумағы 3,7 км2, ұзындығы 3,9 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 9,7 км. Майсорға жаз айларында кеуіп қалатын 4 жылға келіп құяды. Көктемгі қар және грунт суларымен толығады.
Жағалау сипаты Батыс және оңтүстік жағалауы батпақты, қамыс, құрақ өседі. Суы тұзды, мал суаруға жарамсыз.
Санат:Ерейментау ауданы көлдері Санат:Сілеті су алабы