Гжегож Крыховяк (поль. Grzegorz Krychowiak; 29 қаңтар 1990, Грыфице) — польшалық футболшы, «Локомотив» (Мәскеу) футбол клубы және Польша ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы.
Мансап Клубтық Гжегож жас кезінде польшалық жартылай кәсіпқой клубтарда ойнаған, 2006 жылы франциялық «Бордо» футбол клубының жастар құрамасында ойнады. Францияның 4-ші дивизионында "Бордо" командасының екінші командасыңа ойнады (Championnat de France amateur, CFA), 2009/10 маусымнын жартысын 3-ші дивизиондағы (Championnat National) «Реймс» футбол клубында ойнады.
2014 жылы 23 шілдеде Крыховяк «Севильямен» 4-жылдық келісім шартқа отырды. Сол маусымда Испания Чемпионатында андалусиялық командамен 5-ші орынды иеленді және УЕФА Еуропа Лигасын 2015 ұтып алды.
2016 жылы 3 шілдеде польшалық футболшы "Пари Сен-Жермен" футбол клубымен 5-жылдық келісім шартқа отырды, ал француздар футболшы үшін 33,5 млн еуро төледі.
Ұлттық 2008 жылы 14 желтоқсанда Польша Ұлттық футбол құрамасына шақырылды.
Жетістіктері
Командалық
«Севилья»
Еуропа лигасы: 2014/15, 2015/16
«Пари Сен-Жермен»
Франция лига кубогы: 2016/17 Франция кубогы: 2016/17
«Локомотив» (Москва)
Ресей кубогы: 2018/19 Ресей суперкубогы: 2019
Қатысқан турнирлері
Футболдан Еуропа чемпионаты 2016 Футболдан әлем чемпионаты 2018
Санат:Польша футболшылары Санат:Севилья ФК ойыншылары Санат:Бордо ФК ойыншылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары Санат:Локомотив Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Вест Бромвич Альбион ФК ойыншылары Санат:Польша Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Реймс ФК ойыншылары