Банка аралы, Бангка — Индонезиядағы арал. Үлкен Зонд топаралының құрамына енеді. Суматра аралының оңтүстік-шығыс жағалауына жақын орналасқан. Ауданы 11,6 мың км². Жері көбінесе, жазық келеді, орташа биіктігі 60 м-ден аспайды (абсолют биіктігі 699 м). Аралда мәңгі жасыл тропиктік орман өседі. Кей жерлері батпақты. Ірі қалайы кені бар. Басты қаласы — Панкалпинанг.
Санат:Индонезия аралдары Санат:Оңтүстік Қытай теңізі аралдары Санат:Ява теңізі аралдары