Эмерик Ляпорт (Аймерик Лапорте) (фр. Aymeric Laporte; 27 мамыр 1994https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/176553, Ажен, Франция) — франко-басктық футболшы, Испания Ұлттық футбол құрамасы мен «Әл-Наср» футбол клубының қорғаушысы. 2024 жылғы Еуропа чемпионы.

Карьерасы Клубтық «Атлетиктің» негізгі құрамында Ляпорт ең бірінші ойынын 2012 жылы 9 желтоқсанда «Сельтаға» қарсы кездесуде өткізген, сосын клубпен 2015 жылға дейін жаңа келісім шарт жазды. 14 қаңтар 2013 жылы өзінің ойнайтын нөмірін 4-ке ауыстырды.

2015 жылы қаңтар айында Ляпортқа «Реал Мадрид» және «Манчестер Юнайтед» футбол клубтары қызығушылық танытты.

2018 жылы 30 қаңтарда "Манчестер Ситиге" ауысты. Құрама Францияның бірнеше жастағы құрамаларында ойнады.

2021 жылы Испания Ұлттық құрамасына шақырту алды. 2021 жылғы Еуропа чемпионатына қатысып, топтық кезеңде Словакия қақпасына бір гол соқты. Жетістіктері

Командалық «Атлетик Бильбао»

Испания суперкубогы: 2015

«Манчестер Сити»

Англия чемпионы (5): 2017/18, 2018/19, 2020/21, 2021/22, 2022/23 Англия кубогы (2): 2018/19, 2022/23 Лига кубогы (3): 2017/18, 2018/19, 2020/21 Англия суперкубогы (2): 2018, 2019 Чемпиондар Лигасының жеңімпазы: 2022/23 УЕФА Суперкубогының жеңімпазы: 2023

Ұлттық құрама Футболдан Еуропа чемпионатының жеңімпазы: 2024 УЕФА Ұлттар Лигасының жеңімпазы: 2022/23

Дереккөздер

Санат:Аженде туғандар Санат:Франция футболшылары Санат:Испания футболшылары Санат:Атлетик Бильбао ФК ойыншылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншылары Санат:27 мамырда туғандар Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары