Есенкелді (2001 жылға дейін – ЛадыженкаАтбасар және Зеренді аудандарының ауылдық округі мен елді мекендерінің атауларын өзгерту туралы, 2003 жылға дейін – ТілекейТілекей селосы мен Тілекей селолық округінің атауларын өзгерту туралы) — Ақмола облысы Атбасар ауданы, Сепе ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2019 жылы таратылған Есенгелді ауылдық округі орталығы болған.
Географиялық орны Аудан орталығы – Атбасар қаласынан оңтүстікке қарай 88 км-дей, Астана қаласынан батысқа қарай 187 км-дей жерде, Телекей көлінің шығысында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1336806 556 69 420 297 70,7 386 259 67,1
Тарихы Іргесі 1905 жылы қаланған.
Инфрақұрылымы Балабақша, орта мектеп, аурухана, клуб, кітапхана, асхана, пошта бөлімшесі, наубайхана, дүкендер, астық қабылдау кәсіпорны, тұрмыстық қызмет көрсету үйі бар. 2-дүниежүзілік соғыста қаза болғандарға арнап ескерткіш орнатылған. Жақын темір жол станциясы – Атбасар (110 км).
Дереккөздер
Санат:Атбасар ауданы елді мекендері