Қыздың төбесі – Ақмола облысы Ақкөл ауданының шығысындағы дөңгелек пішінді тау. Аудан орталығы – Ақкөл қаласынан шығысқа қарай 60 км, Тасмола өзенінің сол жақ жағалауынан 3 – 4 км, Астана қаласынан солтүстікке қарай 150 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 351 м. Ұзындығы мен ені 2 км. Беткейлері көлбеу келген, нашар тілімденген.
Геологиялық құрылымы Делювиальды-пролювиальды шөгінділер жауып жатқан жоғары девонның граниттерінен түзілген.
Өсімдігі Оңтүстік бөлігінің қара топырағында бетегелі-қау өсімдіктері, кейде мезоксерофильді әртүрлі шөптесіндер өскен.«Ақмола облысы» энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақкөл ауданы таулары