Темір адам () — Marvel компаниясының комикстері бойынша бір аттас кейіпкердің оқиғасы жайлы 2008 жылы шыққан ғылыми фантастикалық атыс-шабыс фильмі. Фильм Джон Фавроның басшылығымен Marvel Studios кинокомпаниясында түсірілді, ал басты кейіпкер — Тони Старкты, өнеркәсіппен айналысушы және тұтқыннан қашу үшін экзоскелетті жасап шыққан данышпан өнертапқыш, миллиардер, кейіннен Темір адам атымен танылған суперқаһарманды Кіші Роберт Дауни сомдады. Сонымен қатар картинада Гвинет Пэлтроу, Терренс Ховард, Джефф Бриджес, Лесли Бибб, Шон Тоуб, Фаран Таир, Кларк Грегг, Пол Беттани және Тим Гини ойнады.

Фильмді 1990-шы жылдары Universal Studios, 20th Century Fox және New Line Cinema компаниялары дамытып жатты, ал 2006 жылы Marvel Studios түсіру құқығын алады. Бұл Marvel үшін толықтай қаржылай дербес жоба болды. Түсірілім басшысы ретінде Фавро бірінші кезекте фильмді Калифорнияда түсірілетін болып шешті, оған себеп көптеген суперқаһармандар жайлы кинолар Нью-Йоркте түсірілетін еді. Түсірілім барысында актерлер диалогтарын өз бетімен өзгертуге рұқсат берілді, себебі киноның сюжетіне қатты мән берілді. Стэнли Уинстон жасап шығарған резина және металл броньдарды басты кейіпкерді жасау үшін компьютерлік графикпен толықтырылды.

Фильмді көпшілік жақсы ықыласпен қабылдады, әсіресе Роберт Даунидің актерлік жұмысын мақтады. Америка фильм институты «Темір адамды» 2008 жылдың үздік он фильмдер қатарына енгізді. 2010 және 2013 жылдары картинаның екі сиквелі шықты. «Темір адам» Marvel Studios жасаған киноәлемнің бастамасын ашты.

Сюжеті Фильмде қару жарақ жасаудан данышпан өнертапқыш, миллиардер Тони Старк бейберекет өмір сүреді, алайда Stark Industries жасаған қару-жарақтар террористтердің қолына түседі. Өзінің жаңа қаруын презентациялауға бара жатқан Тони Старк террористердің тұзағына түсіп, сол жерде қамауда болады. Террористердің талабы бойынша Тони Старк қару жарақ жасау қажет болатын, бірақ ол тұтқыннан қашып шығу үшін экзоскелетті жасап шығады.

Ролдерде Марапаттар мен номинациялар Жалғасы Басқа туындылармен байланысы

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Ресми сайты

«Темір адам» Rotten Tomatoes Iron Man Marvel.com сайтында

Санат:Джон Фавро фильмдері Санат:2008 жылғы АҚШ фильмдері Санат:Темір адам туралы фильмдер Санат:Marvel кинематографиялық әлемінің фильмдері Санат:2008 жылғы фантастикалық фильмдер Санат:2008 жылғы атыс-шабыс фильмдер Санат:Paramount Pictures фильмдері