Ақжайық — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Балықшы ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған.Атырау облысы Атырау қаласының кейбір ауылдық округтері мен ауылдарын тарату туралы

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1888 адам (885 ер адам және 1003 әйел адам) болса, 2009 жылы 2191 адамды (1062 ер адам және 1129 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Әлеуметтік және мәдени нысандары М. Отаралиев атындағы орта мектебі — мектеп 1960 жылы қазіргі Ақжайық ауылында (бұрынғы Ширина) бастауыш мектеп болып ашылды. 1962 жылы жеті жылдық мектеп болып қалыптасты. 1976 жылы Балықшы орталау мектебі деп аталды. 1992 жылы мектепке жерлес ақын Марат Отаралиевтің есімі берілді. 2013 жылы апатты жағдайға байланысты ескі мектеп ғимаратының орнына жаңа мектеп салу құрылысы жоспарланды. 2017-2018 оқу жылында 2 қабатты жаңа үлгідегі жалпы білім беретін М. Отаралиев атындағы орта мектеп болып ашылды.Мектеп тарихы

Дереккөздер

Санат:Атырау қалалық әкімдігінің таратылған елді мекендері