Сүлеймен ибн Әбд әл-Мәлік (674—717) () Умәйя әулетінен шыққан 715—717 жылдары билік құрған халифа. Абд әл-Мәлік ибн Маруанның ұлы, өзінің ізбасары I Уәлидтің інісі. Рамла қаласының негізін салушы.
Өмірбаяны Сүлеймен ибн Абд әл-Мәлік сыртқы саясатты ағасының жолымен алып жүрді, яғни Византияға қарсы шабуылды жалғастыра берді. Ал халифат ішінде ағасына керіағар саясат жүргізді. Оның заманында араб рулық бақталастық өрши түсуі – Умәйя әулетінің біртіндеп әлсіреуіне жол ашты. Сүлеймен I Уәлид сайлаған уәлилер мен қолбасыларды алып тастап, ол тіпті оларды репрессияға ұшыратады. Мәселен, Үндістанды жаулаған Мұхаммед ибн Қасымды абақтыда өлтірді, ал Мұса ибн Нусайр орнынан алып тастайды, ал Хорасан билеушісі Кутайба ибн Муслимді өлтіреді.
Дереккөздер
Беляев Е. А. Ерте ортағасырлардағы арабтар, ислам және Араб халифаты. М., 1965.
Санат:Умәйя әулетінің халифтері