Хью Ричард Луи Гросвенор, 7-ші Вестминстер герцогі (, 29 қаңтар 1991 жылы туған) — британ ақсүйегі, үшінші баласы және жалғыз ұлы. Анасы жағынан Хью Ресей империясының патшасы І Николай мен орыстың ұлы ақыны Пушкиннің жүрежаты. Вестминстер герцогі атағы 2016 жылдың 9 тамызында әкесі қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік жолмен берілді, сондай-ақ ол әкесінің мұрасын иеленгендіктен Ұлыбританияның ең жас миллиардері атандыПушкиннің ұрпағы әлемдегі ең жас миллиардер атанды Пушкиннің ұрпағы Ұлыбританияның ең жас миллиардері атанды.

Білімі Хью және оның Тамара, Эдвина және Виола есімді әпкелері мемлекеттік бастауыш мектептен білім алып, кейін отбасылық жекежайына жақын орналасқан жекеменшік Mostyn House School күндізгі мектебінде оқуларын жалғастырады. Жоғары білімді Хью менеджмент мамандығы бойынша Ньюкасл университетінде алды.

Мансабы Университетті аяқтағаннан кейін Хью Wheatsheaf Investment-те және Вестминистр герцогінің жекеменшігіндегі Grosvenor Group компаниясында жылжымайтын мүлікті басқарумен айналысқан. Кейінірек Bio-bean компаниясында «жасыл» энергия технологияларына мамандандырылған қаржы менеджері болып жұмыс жасайды.

2016 жылдың тамыз айында мұрагерлік жолмен Вестминистр герцогі атағын және қазіргі кезде £ 8,3 млрд көлеміндегі мұраны иеленді.

Жеке өмірі Хьюдің жеке өмірі жайла ешбір ақпарат жоқ, отбасы өздерінің жеке өмірлерін құпия сақтауды жөн көріп отыр. 2013 жылдың қазан айында БАҚ Хьюді Уильям ханзада мен Кэтрин ханшайымның тұңғыш перзенттері – Джордж ханзаданың өкіл әкесі деп жариялады.

Титулдары 29 қаңтар 1991 — 9 тамыз 2016: граф Гросвенор 9 тамыз 2016 жылдан бастап: Уа Парасатты Вестминстер герцогі. Дереккөздер