Сейфуллин — Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы ауыл, Сейфуллин ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Тереңөзек ауылынан солтүстік-батысқа қарай 4 км-дей жерде.
Тарихы Ауылдың іргетасы ХХ ғасырдың басындағы 1929-1933 жылдар аралығындағы ұжымдастыру кезеңінде қаланды. 1975 жылы «С. Сейфуллин» атындағы совхоз болып құрылды. Совхоз негізінен күріш өсірумен және мал шаруашылығымен айналысты. «Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1628 адам (811 ер адам және 817 әйел адам) болса, 2009 жылы 1600 адамды (803 ер адам және 797 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Дереккөздер
Санат:Сырдария ауданы (Қызылорда облысы) елді мекендері