Жүз жылдық жалғыздық () — Колумбиялық жазушы Габриэль Гарсиа Маркестің 1967 жылы жазған елеулі романы. Шығармада Макондо қаласында (метафоралық Колумбия) орналасқан Хосе Аркадио Буэндиа атты ақсақал негізін салған Буэндиа әулетінің бірнеше ұрпағының тарихы жайлы баяндалады.
"Жүз жылдық жалғыздықтағы" магиялық реализм мен тақырыптық болмыс оны 1960-шы және 1970-ші жылдардағы латынамерикалық әдеби серпілістің маңызды өкіл романы ретінде қалыптастырды"One Hundred Years at Forty" (желтоқсан 2007) The Walrus, Canada, ал сол серпілістің өзі стилистика жөнінен модернизмнен (еуропалық және солтүстікамерикалық) және кубалық Вангуардия (Авангард) әдеби қозғалыстарынан әсерленген болатын.
Алғаш 1967 жылы жарияланғаннан бері "Жүз жылдық жалғыздық" 37 тілге аударылып, оның 30 миллионнан астам данасы сатылған."Author Gabriel Garcia Marquez dies" (17 April 2014) BBC Роман Гарсиа Маркестің шедеврі болып есептеліп, кеңінен мойындалған және испан тіліндегі әдебиеттегі ең маңызды шығармалардың бірі болып танылған.http://www.rae.es/obras-academicas/ediciones-conmemorativas
Дереккөздер
Санат:1967 жылы жазылған романдар Санат:Габриэль Гарсиа Маркестің романдары Санат:Отбасылық сагалар