Нәзипа Сегізбайқызы (Сағызбайқызы) Құлжанова (1887 жылғы 27-шілдеде Торғайда дүниеге келді, 1934 жылы дүниеден өтті. Қазақ қыздарынан шыққан ұстаз, этнограф, аудармашы, журналист.
Өмірбаяны
Білімі Торғай қаласындағы орыс-қазақ мектебін, 1902 жылы Қостанайдағы орыс-қазақ қыздар гимназиясын бітірген.
1903-1904 жылы 15 жасында Торғайдағы қыздар училищесінде мұғалімнің көмекшісі болды. Одан кейін Орынбордағы мұғалімдер семинариясын бітірді.
1905-1920 жылдары Семей қаласындағы мұғалімдер семинариясында ұстаздық етті.
1913 жылы Орыс география қоғамының Семей бөлімшесіне, «Азамат серіктестігі» ұйымдарына мүше болады.
1914 жылы 26 қаңтарда Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай әдеби кеш ұйымдастырды.
1915 жылы 13 ақпанда Пертроградтағы мұсылман ауруханасы мен мұқтаж қазақ шәкірттеріне көмек көрсету мақсатында әдеби кеш ұйымдастырады.
1917 жылы Семей облыстық қазақ сиесіне қатысып, оның төралқасы құрамына сайланды.
1920 жылы Қазақ АКСР Оқу-ағарту халық ағарту комиссариатынығ қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару мен баспасөз істері жөніндегі арнаулы комиссияның мүшесі болды. Құлжанова осы қызметте жүріп, қазақтың жаңа әліпбиін енгізу жөніндегі комитеттің құрамына енді.
1922-1929 жылдар аралығында «Еңбекші қазақ» газеті мен «Қызыл Қазақстан», «Әйел теңдігі» журналдарының редакцияларында жауапты қызметтер атқарды.
Журналистика Н.Құлжанова - қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист.
1922 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің редакция алқасының мүшесі.
1923-1925 жылдары «Қызыл Қазақстан» журналында, 1925-1929 жылы «Әйел теңдігі» журналдарында жауапты қызметтер атқарады. «Айқап», «Қазақ», «Бірлік туы», «Алаш» басылымдарында оқу-ағарту мәселелері туралы мақалалар жариялаған« Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7.
Педагогика 1923 жылы Орынбор қаласынан Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» оқулығы жарық көрді. Бұл Қазақстан Оқу комиссариатының нұсқауымен арнайы басылған алғашқы туынды еді. Кітапқа Ахмет Байтұрсынов алғысөз жазған. Бұл басылым: «Күллі жер жүзінде», «Мектеп жасына толмаған балаға тәрбие не керек?», «Мектепке дейінгі тәрбиенің Россиядағы түрі», «Бала бақшасы деген не?» деген тараулардан тұрады. Осындағы алғашқы тараудан автордың сол кезде ақ шет елдердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмыстарын зерделеуге ұмтылыс жасалған. Педагог Италия, Швейцария, Шотландия елдеріндегі балалар бақшасының тәжірибелерін үлгі етіп ұсынады.
1927 жылы Қызылорда қаласында «Ана мен бала тәрбиесі» әдістемелік кітабын баспадан шығарды. Автор бұл еңбегінде педагогтарға, тәрбиешілерге, ересектер мен балалар дәрігерлеріне бала мен ана денсаулығына қатысты пайдалы кеңестер береді.
Этнография Белгілі этнограф Александр Викторович Затаевич Нәзипадан «Ғайни-ау, сәулем», «Қадыр зары» әндерін жазып алған. Публицист ретінде «Айқап», «Қазақ», «Бірлік туы», «Алаш» басылымдарына елдегі оқу-ағарту, мәдениет, денсаулық мәселелеріне байланысты мақалалар жазып тұрды. А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, С. Сейфуллин, т.б. ақындар Құлжановаға арнап өлең жазған. Нәзипа аударма саласында да елеулі жұмыстар атқарып, қазақ оқырмандарын В. Короленконың «Күн тұтылғанда» (1923), А.Куприннің «Лапылдап жанған крейслер» (1927), Б. Лавреневтің «Қырық бірінші» (1928) сияқты шығармаларымен таныстырды.
Мұрасы Арқалық қаласында бір көшеге ерлі-зайыпты Құлжановтар аты берілген. Арқалықта Құлжанова атындағы колледж жұмыс істейді. Торғай елі. Энциклопедия, Құрастырған Т. Рсаев. Алматы, «Арыс» баспасы, 2013 жыл
Дереккөздер