Сэр Джайлс Гилберт Скотт (, 9 қараша 1880 жыл – 8 ақпан 1960 жыл) әйгілі ағылшын сәулетшісі және дизайнері.
Мансабы thumb|right|200px|Әлемге танымал қызыл телефон күркесі Қызыл телефон күркесі Оның ең танымал туындысы — қызыл телефон күркесі. Әсем өнерлердің корольдік комиссиясы ең үздік телефон күркелері бойынша жариялаған байқаудың нәтижесінде Джайлс Гилберт Скоттың жұмысы ең сәтті деп таңдалды.
«Kiosk no. 2» (қысқаша «K2») атты телефон күркесінің жобасы іске сәтті асырылды. Күркенің биіктігі 2,7 метрді құрады. Сәулетші оны құру үшін шойын мен жуан шыныны қолданды. Алғашқы кезде күрке күміс түспен боялған, бірақ «К2» моделі арбиған және ауыр болғандықтан, оны жетілдіру бойынша шешім қабылданды.
«К3» моделі морт болғандықтан, ол жарамсыздыққа тез келетін. Кейін, онын орынан соңғы «К6» моделі келді, және бұл модель ең сәтті болды. Сол кезде ол бүкіл әлемге танымал қызыл түске боялды.
Ливерпуль соборы Сәулетшінің тағы бір танымал жұмысы — Ливерпульдегі католиктік соборы. Кам өзенінің батыс жағалауында орналасқан неоготилкалық стиліндегі діни құрылыс. Оның құрылысы 1904 жылы басталып, бірақ 1970-ші жылдары ғана аяқталды. Собор Англиядағы ең ірі собор болып табылады.
Ватерлоо көпірі Әртүрлі жылдары қолға алынған Ватерлоо көпірін қайта құру жұмыстарын өткізудің сәтсіз әрекеттерінен кейін, жаңа жобаны жасауды Джайлс Гилберт Скотт өз жауапкершілігіне алды. 1937 жылы көпірдің қайта құру жұмыстары аяқталды. Бұл қарапйым темір-бетонды құрылым. Көпірдің үстінен автомобиль қозғалысына арналған 6 жолақ және екі жағынан екі жаяужол өтеді.
Сілтемелер
Profile on Royal Academy of Arts Collections Design Museum biography
Санат:Англия сәулетшілері