Евгений Иванович Хвостиков (19 мамыр, 1956 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (2000), профессор (2008).
Өмірбаяны Семей мемлекеттік медицина институтын (1980, қазіргі Семей мемлекеттік медицина академиясы) бітірген.
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха (1981–1984), Семей қалаларында ауруханада хирург (1984–1988);
1988 жылдан қазіргі Хирургия ғылыми орталығында хирург, директордың орынбасары (2002–2003) болды.
1993 жылдан ғалым-хатшы қызметін атқарады.
Ғылыми еңбектері
«Малоинвазивная хирургия при болезнях надпочечников» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
Негізгі ғылыми еңбектері бүйрек үсті бездері қабаттарының ауруларын рентгенді-эндоваскулярлы хирургиялық жолмен емдеу әдісін жетілдіруге арналған.
110-нан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы, 10 өнертабыстық патенті бар.
Марапаттары
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1999).Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:19 мамырда туғандар Санат:1956 жылы туғандар Санат:Семейде туғандар Санат:Қазақстан хирургтары Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан өнертапқыштары Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері