Хамедов Абилфас Муслимович — 1962 жылғы 7 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданында туған. Ұлты – әзербайжан. Сәулет ғылымдарының кандидаты. Білімі және жұмыстары Алматы Сәулет-құрылыс институтын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын құрылыс-монтаж басқармасында тас қалаушы болып бастаған.1993 жылдан бастап «ХЭМКО» құрылыс компаниясын басқарады. 2007 жылдан қазіргі кезге дейін «Әзербайжандықтар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып табылады.Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі. Істері Абилфас Муслимович жыл сайын қайырымдылық мақсаттарға, мамандандырылған мектептер мен мүгедектерге арналған интернаттарды қайта құрылымдау мен жөндеуге қаржы бөледі, бала бақшаларына, тұрмысы төмен отбасыларына материалдық көмек көрсетеді. Атақтары «Құрмет» орденімен, мерейтойлық медальдармен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бiрлiк» қоғамдық медалімен марапатталған. Сілтемелер http://assembly.kz/kk/substituents/hamedov-abilfas-muslimovich
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Хамедов Абилфас Муслимович · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.