thumb|Мұхтар Әуезов Әуез Бердіұлы (1830, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Арқат ауылы — 1917, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Бөрілі ауылы Ақшоқыда жерленген) — ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің атасы.

“Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” сұрапылынан кейін тобықты руын Сыр бойынан Шыңғыстауға көшіріп әкелген атақты Мамай батырдың жауынгер серіктерінің бірі, Бақшайыш батырдың ұрпағы. Бақшайыштан — Саяқып, одан Берді, Төлеген, Қылыш туады. Ал Бердінің Үсен, Бурахан, Әуезхан (Әуез), Самархан, Kенжехан есімді ұлдары болған. Бердінің қызы Нұрғаным — Құнанбай қажының кіші әйелі. Әуездің үлкен әйелі Дінәсілден Омархан дүниеге келген. 19 ғасырдың 40-жылдарында Құнанбай Берді әулетін Арқат тауының Солтүстік өңіріндегі Бетағаш қонысынан өз жанына көшіріп алып, Бөрліден оларға арнап қыстау салдыртады. Аралтөбеде — Абай, Бөрліде — Әуез қыстап, іргесі ажырамаған қоңсылас, сырлас, сыйлас, айнымас дос болып өтеді. Түрік, шағатай, парсы әдебиетінен хабары мол, арабша білігі, мәдениет-парасаты жоғары Әуезді Абай: “Әуке аға”, “Үлкен қожа” деп атаған. Абайдың: “Үлкен қожа — ортан қол, өзгелері — аты жоқ пен шынашақ” деп қадай көрсетуі, Әуез тұлғасына берген ақынның шынайы бағасын танытса керек. Өз кезегінде, Әуезде Абай өлеңдерін құмарта тыңдайтын, қағазға түскен тың дүниелерімен алғаш танысып, ашық пікір бөлісетін жақын адамдарының бірі болған. Ол немересі Мұхтарды кішкентайынан өзі тәрбиелеп, Абай мұрасына деген іңкәрлігін оятады. Бұл жайлы Мұхтардың өзі өмірбаянында: “Бес-алты жасар кезім. Бір күні кешкісін ас алдында атам мені қасына шақырып алды. Оқуға жараған-жарамағанымды сынамақ екен, “р” дыбысы бар сөздерді айтқыза бастады. Бұл дыбысқа тілің келмей тұрып, қара танимын дегенді ойыңа да алмайсың... Өйткені, ең алғашқы сабақ Құранның “Бісмилләхи рахман иррахим...” деген сөздерін жаттаудан басталады... Атамның маған көңілі онша болмады-ау дейім, келесі күні тағы алды қасына... Қолындағы қалың қолжазбаны көргенде неге шақырғанын біле қоям. Бұрынғыдан бетер ренжимін. Атам маған кітаптағы араб әріптерін көрсете бастайды. Айтуға бір оңайы болса игі, бірінен бірі өткен қиын... Бұл кітап—Абай өлеңдерінің жинағы еді” деп жазады.М. Әуезов, 20 томдық шығармалар жинағы, А., 1979, 1-том, 60-бет 1917 жылы 7 маусымда Ойқұдықта “Еңлік-Кебек” пьесасының қойылымын тұңғыш тамашалаған Әуез өнер туындысына риза болып, бата берген. Әуез өзінің өсиеті бойынша, Құнанбай әулеті зиратына жерленген.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том

Абай өмірбаянын жазуда

Әуез Бердіұлы Абай өмірбаянын жазуға ұмтылған С. Мұқанов, Ә. Жиреншин, Ә. Ысқақов еңбектеріне жазған арнайы пікірлерінде олардың Абай өмірбаянын көрсетуге арналған кейбір деректерді таңдап алудағы кемшіліктерін нақты көрсетіп береді. Тіпті Әрхам Ысқақовтың «Абай өмірі» деген қолжазбасына жазған сынында: «Өмірбаян ішінде ақын Абай мүлде жоқ деуге болады»Әуезовтың әдеби-мемориалдық музейінің архиві, 213-папка, 4-6., - деп Абайдың өмірі мен ақындық жолын көрсетуге тікелей қатысы жоқ деректерді тоғыта беруіне әрі ол деректер тобырын ескі дүниетаным шеңберінде баяндауына қатаң сын айтады. Абай өмірбаянының 1, 2-нұсқаларында ақын өмірін, не шығармаларын танып білуге, тереңірек түсінуге қатысы жоқ, тек жанама деректерде кейбір оқиғаларға байланысты аты аталатын көптеген кісілер ұшырасады. Соңғы нұсқаларда осыларға үлкен сұрыптау жүргізіліп, Абай өмірі мен шығармаларына тікелей қатысы барлары ғана іріктеліп алынды. Мыс., 1-нұсқада 106 адам аты аталса, 2- нұсқада оның 45-і қысқартылған. Ал 3-нұсқада 56, 4-нұсқада 47 адам аты түсіріліп отырған. Олардың орнына биографиялық жаңа деректер негізінде немесе Абай шығармаларының жаңа қырын ашып, ондағы ой сарынын тереңірек тануына байланысты аталатын тарихи кісі аттары ендіріліп отырады. Өмірбаянның алғашқы нұсқаларында ақынның орыс достары Е. П. Михаэлис, Н. И. Долгополов, С. С. Гросс, А. А. Леонтьев т. б. атқарған қызметін, ақын дүниетанымына әсерін бағалаудағы алғашқы танымдарының өз дәрежесінде болмауын биограф ерте сезініп, бұрынғы танымына батыл түзетулер ендіре бастады. Орыс достарының Абайды Россияның ішкі өмірімен, орыс классиктері шығармаларымен таныстырудағы қызметін әділ бағалай отырып, Абайдың идеялық-мәдени іздену жолында қол артқан тірегінің негізі орыс классиктері мен рев.-демократтар тобының озық идеясы болғандығына, әсіресе, 4-нұсқаны жазу үстінде ерекше тоқталды. Абайдың орыс достары жайлы абайтану саласында орын алған кемшін жайды: «1860-70 жылдардың айдалып келген төңкерісшілерімен танысуы. Бұрынғы зерттеулерде Долгополов, Гросс сияқты жалған төңкерісшілерді теріс түсіндірулер болған. Олардың Абайға әсері мол болды деп, дәріптеудің қателігі» - деп арнайы көрсетуінде көп мән барӘӘММ архиві, 257-п., З-б.. Шынында да көпке дейін абайтану саласындағы әдебиеттерде ақынның орыс достарының халықшылдық бағыты, олардың Абайға әсері асыра бағаланып келген еді. Ә. осы мәселеге байланысты езінің атақты тезистерінің 5-санында Шоқанның славянофилдерден, Абайдың халықшылдардан алыстығы туралы өзінің табан тірер танымының негізін атаса, 8-санында Л. Н. Толстойдың халықшылдарға жақындығын, Абайдың одан алыстығын атап өтеді. Халықшылдар селолық қауымды мадақтап, мұрат тұтып, оның мызғымауын, өзгермеуін қалады. Ал Абай езі жасап отырған қазақ қауымының феод.-патриарх. болмысын, оның күні еткен салт-санасын сынап, ағартушылық жолмен өзгертуді қалады. Сондықтан да: «Түзетпек едім заманды, Өзімді тым-ақ зор тұтып...», - дейді. Осы жолда идеялық сүйенер тірегі «Пушкин бастаған Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов, Некрасов, Салтыков-Щедрин еңбектерінің Абайға басшылық, ұстаздық әсері ерекше болған» деп арнайы көрсеттіӘӘММ архиві, 257-п., 3 б.. Биограф Абай өмірбаянын жазуға даярлық барысында оған қажетті материал атаулының бәрін де ауызша сөйлесу, әңгімелесу, естеліктер жазып алу, жаздыру жолымен жиналуы себепті, Абай өміріндегі орын алған елеулі де өзекті кейбір оқиғалардың шын болмысын, болған уақытын анықтау үшін үздіксіз ізденген. Бір оқиғаның мерзімін дәл анықтаса, осыған сабақтас болып өткен оқиғалар мерзіміне салыстыра талдау жолымен сенімді болжамдар да жасап отырған. Мыс., зерттеуші Абайдың Қоңыр-Көкше болысын басқарған кезде үстінен жалған арыз түсіп, № 12 іспен тергеуге алыну фактісінің мерзімін анықтауда осы әдісті пайдаланып, көп тер төккен. Ақынның осы іспен тергелуін Абай өмірбаянының 1-нұсқасында 1869-70 ж. болған деген пікір білдірсе, 2-нұсқасында ел аузындағы әңгімелер сарынын таңдау арқылы оның уақытын 1872-73 жылдарға жылжытады. Кейін Алматы, Семей архивтерін жағалай қарастырып, Абайдың Қоңыр-Көкшеге болыс болған жылдарын нақтылы архив деректерімен дәл анықтады. Абайды ірі тергеуге ұрындырған арыздар мен 1877-78 ж. орыс-түрік соғысына байланысты Семей уезі болыстарының архивтен табылған үндеу хатына, әрі онда Абай Қоңыр-Көкше болысы атынан қол қойған деректерге сүйене отырып, ақын өмірбаянының 4-нұсқасында оның № 12 тергелген уақыты-1877-78 ж. деген түпкілікті тұжырым жасайды Осындай аса ірі принциптік мәні бар мәселенің бірі - Абайдың ез елеңдерін топтастыруды тапсырған жолын анықтау болатын. Өмірбаянның алғашқы нұсқасында бұл мерзім 1898 ж. еді деп көрсетілген. Ғалым кейін бүл мерзімді 1891 ж. етіп өзгертті. Әуез қазақ жерінде Абайдай жаңа типтегі ойшыл қоғам қайраткерін тудырған қоғам өміріндегі экономикалық-әлеуметтік ерекшеліктерді еске ала отырып, ақынның ғылыми өмірбаянын жазуда өзі ұстанған, табан тірер методол. мәні бар танымын, езі сүйенген ой қорытындыларының басты негіздерін: «Абай өмірбаяны биографизмнің тар шеңберінен шығарылуы керек. Оның өмірлік, творчестволық жолы реформаға дейінгі әлеуметтік өмірдің нақтылы жағдайларымен анықталған болатын. Осы жағдай жазушының жаңа типін тудырды», - деп көрсетедіӘӘММ архиві, 255-п., 8-6.. Қазақ әдебиетін зерттеу тарихында текстол. жұмыстар жүргізудің алғашқы қадамы Абай мұрасын зерттеу саласында жүргізілген жұмыстармен бірге туды. 1924 жылдан бастап Абай шығармаларының толық жинағын құрастыруды қолға алған Әуез ақын мұрасын тереңірек танып, түбегейлі меңгеру жолында сүйенер түпнұсқа дерек көздері мен текстологиялық жұмыстар жүргізу қажеттілігін кімнен болса да ерте сезінді. Тұңғыш толық, жинақты құрастыру барысында асыл түпнұсқа ретіндегі Мүрсейіт Бікеұлының қолжазба көшірмесінде хатқа түскен Абай өлеңдері мен әлі де хатқа түспей санаулы кісілер санасында жатқа сақталып келе жатқан, көпшілікке беймәлім шығармаларымен аса күрделі текстол. зерттеулер жүргізу қажеттілігі көлденең тұрды. Мұның үстіне Абай шығармалары әр түрлі жолдармен ел ішіне таралып, әр қилы деректер көзі қабаттасып жатты. Жақсылы-жаманды, ірілі-ұсақты деректер көп жинала келіп, текстол. зерттеулер жүргізуге негіз болатын деректер көзіне айналып та үлгірді. Әуез осы тұста-ақ ақын мұрасы жайлы источниковедение, текстол. жұмыстарымен қатар айналысты. Абай шығармаларын асыл түпнұсқа қалпына келтіру мақсатымен ғалым ақын мұрасын қамтыған деректер көзі мен текстол. зерттеулерді оның өмірі мен шығармалары жайлы ғылыми еңбектер жазу жұмысымен бірлікте жүргізді. Абай мұрасын зерттеген көптеген ғалымдарға қарағанда ол балалық шағында-ақ Абай өмір кешкен рухани ортамен, ондағы ақын өмірін жақсы біліп, шығармаларын жатқа айтатын адамдармен ерте араласты. Абай жайлы деректерді ерте баста меңгеруге әсері болған атасы Әуез жайлы: «Әр нәрсеге Абай үлгісімен, ақынша қарауға тырысушы еді. Абайдың сондайлық ұстаздық, үгітшілдік әсерін мен кішкентай бала кезімнен өз әкелерімнің қалпынан көруіме болушы еді... Сонымен бір қыс, бір жазда Абайды түгелге жақын жаттап шығып едім» - деген аса құнды дерек береді (ӘӘММ архиві, 382-п., 1-6.). Абай шығармаларының түпнұсқасы ретінде 1896 жылдан бастап көшіріліп, қолжазба ретінде тараған Мүрсейіт дәптерлерін Әуез: «Абайдың басылып жүрген таңдамалы өлеңдер жинағы немесе толық жинақтары болса, сол Мүрсейіттің көшірмелері»Әуезов М. Әр жылдар ойлары. - А., 1959, 18-6. екенін айта отырып, оның бірқатар кемшіліктерін де атап көрсетті. Олар, кейбір елеңдері орынсыз біріктіріліп, кейбіреулері ретсіз бөлек өлең ретінде берілген; Абай қаламынан тумаған беймәлім өлеңдер де орын алған; ақын шығармаларының жазылу мерзімі, жылдары көрсетілмеген. Әуез ақын елеңдерін жатқа білетін кісілерден 45 елеңді (1086 жол) хатқа түсіріп, қайта тірілтті. Ол Абай шығармаларының 1917 жылғы төңкеріске дейінгі таралу жолдарын да анықтады. Ол жол үшеу: а) баспасөз арқылы; ә) қолжазба - көшірме күйінде; б) ел арасына жатқа тараған. Ғалым Абай мұрасын бастапқы асыл түпнұсқа қалпына келтіру жолындағы деректер кезінің Мүрсейіттің 1905, 1907, 1910 жылдардағы қолжазбаларынан соңғы екінші арнасы ретінде Абай өлеңдерінің 1909 жылғы С.Петербургте басылған тұңғыш жинағы мен мерзімді баспасөзде жарияланған басылымдарын атайды. Әуез ақынның тұңғыш жинағын Абай шығармаларын түпнұсқа қалпында жақсы білетін Кәкітай мен Тұрағұлдың әзірлегенін ескеріп, оны ақын елеңдерін қалпына келтіру жолында жүргізіліп жатқан текстологиялық жұмыстардың сүйенер тірегі ретінде бағалайды. Сондықтан да ол өзі бастырған 1933 жылғы жинақта ақынның сол 1909 жылғы тұңғыш жинағын басшылыққа алды. Ғалым 1916 ж. Орынборда Самат Әбішұлы бастырған «Абай термесін» зер сала оқып, ондағы елеңдердің бір-бірімен ауысып жүрген жолдарын көрсетумен қатар, шығарушы қолында белгілі бір қолжазба деректің болғанын айрықша ескертеді.