Көкшетау (латын — ; айтылуы ; 1868 жылға дейін бұрынғы атауы — Көкшетау бекінісі, 1993 жылға дейін орыс транскрипциясында — Кокчета́в; айтылуы ) — Ақмола облысының әкімшілік орталығы (1999 жылдан; 1944 – 1997 ж. Көкшетау облысының орталығы болған), Қазақстанның солтүстігінде, Бұқпа тауының етегі мен үлкен Қопа көлінің оңтүстік жағалауындағы (көлге Шағалалы және Қылшақты өзендері құяды) көркем жерде орналасқан қала (1862 жылдан). Қала ауданы — 233,97 км². Ал Көкшетау әкімшілік-аумақтық құрылымының ауданы — 425 км². Қала Батыс Сібір жазығының оңтүстік-батыс бөлігінің шекарасында, Есіл жазығының оңтүстік шетінде, тау бөктері қаланы оңтүстік пен батыстан қоршап тұрған Көкшетау қыратының солтүстік баурайы шегінде орналасқан.

Тұрғындарының саны — 150 649 адам (2022).Қазақстан Республикасы халқының облыстар және астана, қалалар, аудандар, аудан орталықтары және кенттер бөлінісіндегі жынысы бойынша саны Көкшетау Қазақстан қалаларының арасында халық саны бойынша он сегізінші орында орналасқан. Көкшетауда көптеген ұлт өкілдері өмір сүреді. Саны жағынан ең көп таралған ұлттарға қазақтар (58,05 %) мен орыстар (29,41 %) жатады. Негізгі діни топтар — мұсылмандар (суниттер) мен христиандар (православтар және католиктер). Әртүрлі діни сенім өкілдерінің ғасырлар бойы қатар өмір сүріп жатқан қаласы ретінде танымал, өзінің дәстүрлі діни түрлілігімен белгілі. Қала әкімшілігіне бағынышты екі ауылдық округте 12 563 адам өмір сүреді.

Көкшетау — Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы.Көкшетау - Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы Көкшетау қаласы – Қазақстанның көрікті қалаларының бірі, іргетасы 1824 жылы қаланған. Ақмола облысының экономикалық және мәдени бай шаһарларының бірі, сондай - ақ Солтүстік Қазақстанның ең ірі қалаларының бірі болып табылады. Қазақстанның аса ірі жол торабы (шоссе және темір жол). Ол Бурабай мен Зеренді сияқты табиғаты мен туристік орындарымен танымал. Көкшетау Петропавлдан шамамен 185 шақырым қашықтықта, Астанадан солтүстік-батысқа қарай A-1 бойымен 276 шақырым қашықтықта, Ресейдегі Омбыдан A-13 (Көкшетау—Омбы) бойымен 318 шақырым қашықтықта және Қостанайдан 384 шақырым қашықтықта орналасқан. Қалаға Көкшетау Халықаралық Әуежайы мен Көкшетау-1 стансасы қызмет көрсетеді.

Этимологиясы Атауы Көкшетау деген атау қазақтың "көкше" (латын — ) және "тау" (латын — ) деген сөздерінен шықты. Көкшетау, бұл – тау.

Көкшетау – қазіргі қала орналасқан аумаққа жергілікті халық ежелгі замандарда-ақ қоныс салып, қорғандар тұрғызған. Көкшетау өңіріне халық ежелгі заманда-ақ қоныстана бастаған. Қаладан 60 миль қашықтықта орналасқан Ақмола облысындағы ең биік тауды қазақтар ежелден «Көкше тауы» деп атаған. Көкше тауы – баурайында әйгілі Бурабай ұлттық паркі орналасқан және осы Бурабай ауданы жеріндегі тау. Орталық бөлігінде Көкшетау қыраты орналасқан. «Көкше» — түркі тілінде өсімдік аты. Көкшенің қалың жері. Немесе бұл сөздің мәнін, екі түрлі концепциядан қарауға болады: 1) «көкшелі тау»; 2) қазақтың осы тауды жайлаған (не қыстаған) ескі ру тобының (Көкшенің) атымен байланысты.

Көкше тауының ең биік нүктесі – Бүркітті шоқысы,биіктігі 947 метр. Бұл атау орыс тілінде «синеватая гора» мағынасын білдіргендіктен, кейде Көкшетауды орысша «Синегорье» деп те атайды.

Қала атауының қазіргі жазылуы 1940 жылы кириллица негізінде жасалған әліпби қабылданған кезден бастап қолданыста.

Қала әуежайы әлі күнге дейін IATA коды ретінде KOV сақтайды.

Көкшетаудің рәміздері

Көкшетау қаласының елтаңбасы:

Көкшетаудің ең алғаш таңбасы (авторы: В.Н. Сурганов) 1970 жылдың 12 шілде күні бекітілді.

Көкшетау қаласының туы

Тусыз қала.

Әкімшілік бөлінуі Көкшетау қаласының қарамағында Станционный кенті мен Краснояр ауылдық округі бар.

Сәулет-жоспарлық аудан-ауданға бөлу Көкшетау 17 әкімшілік шағын ауданға бөлінген. "Центр" жоспарлық ауданы Горький, "Көкше" және "Бостандық" көшелері бөлінген екі тұрғын ауданынан тұрады. "Көкше" тұрғын ауданы өзіне негізгі әкімшілік-мәдени және сауда объектілерін топтады және қаланың орталық бөлігінің меншікті ортасын көрсетеді. "Бостандық" тұрғын ауданында тұрғын аудандары өнеркәсіптік және коммуналдық-қоймалық объектілермен бірен-сарандап кезектеседі. "Оңтүстік" жоспарлық ауданы сондай-ақ негізінен аз қабатты құрылыстан тұратын "Жайлау" және "Бейбітшілік" екі тұрғын ауданын енгізеді. "Шығыс" жоспарлық ауданы негізінен аз қабатты тұрғын үйден кішігірім стансалық кентпен өнеркәсіптік-қоймалық аймақты ұсынады.

Мұнда "Бірлік" кентінің анықталған шекарасына дейін дамиды. "Солтүстік" жоспарлық ауданы "Сарыарқа" шартпен аталған тұрғын ауданы аз қабатты тұрғын үйден тұрады. Қаланың солтүстікке одан әрі жылжуы шарасы бойынша жаңа тұрғын аудандар пайда болады. "Батыс" жоспарлық ауданы "Бұқпа" аз қабатты тұрғын ауданынан және кеңейтілген аумақтық ормансаябақ белдігінен тұрады.

Көкшетау қаласының 17 әкімшілік шағын ауданын көрсететін карта. Ақмола облысы Зеренді ауданының картасы. Ортадағы ақ жолақ Көкшетау қалалық әкімдігінің аумақтық бірлігін білдіреді. орта|220px орта|250px

Билік Мемлекеттік билік Қазақстан Конституциясына сәйкес заңдық, атқару және сот билігі принциптеріне негізделген. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қала дәрежесіндегі әкімшілік бірліктің басшысы - әкім деп аталады. Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса.

Қаладағы заңдық билікті Мәслихат жүзеге асырады. Оның құрамында 16 депутат бар. Сот билігін Көкшетау қалалық соты және арбитраж соты жүзеге асырады.

Ақмола облысының әкімдігі, кеңестік Көкшетау сәулетінің үлгісі. Көкшетау қаласының әкімшілігі (Әкімшілік үйі), қала орталығында орналасқан. Ақмола облыстық соты.

Физико-географиялық сипаттамасы Географиялық орналасуы Қаланың географиялық координаттары — . Көкшетау Гамбург, Дублин, Ливерпуль және Эдмонтон қалалары сияқты ендікте орналасқан.

Уақыт белдеуі — UTC+06:00.

Көкшетау қаласы Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 276 км жерде, Көкшетау қыратының солтүстігінде, Ақмола облысындағы Қопа көлінің оңтүстік жағалауындағы көрікті жерде орналасқан. Қаланың аумағы 420,0 км².

Көкшетауға жақын орналасқан ірі қала — Щучинск (Бурабай ауданы, Ақмола облысы) шипажайлы қаласы (70 км).

Жер бедері

Көкшетау қаласы гидрожелілердің нашар дамуы мен бедерінің тегістелген нысаны бар сипаты Орталық-Қазақстан ұсақ шоқылық солтүстік шеті шегінде орналасқан. Қазіргі заманғы бедер сипаты негізінен палеозой уақытынан кейін мұраға қалған. Ежелгі элементтері қазіргі заманғы бедердің морфологиясын едәуір дәрежеде айқындады. Бұл бедер нысандары атап айтқанда, қазаншұңқырлар мен аңғарлар бөлігі қазіргі уақытқа үшінші және төртінші кезеңдер қопсытылған шөгінділермен толтырылды.

Гидрография

+ 1969 жылы 26 қыркүйекте АҚШ-тың Корона спутнигі Көкшетау қаласының және оның маңайының жер серігінен қарағандағы көрген көрінісі.

Көкшетау қаласына іргелес аумақтың гидрографиялық желісі Шағалалы, Қылшақты өзендерімен және Қопа көлімен беріледі. Шағалалы су қоймасы суаруға және Қопа көлін толықтыруға айтарлықтай емес қосымша су алумен Көкшетау қаласын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін Шағалалы өзенінің ағынын көп жылғы реттеуді жүзеге асырады. Қопа көлі Көкшетау қаласының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Көлдің ұзындығы 5,1 - 5,2 км, ені 3,1 - 3,2 км, айна ауданы 12,3 - 13,1 км 2 , орташа тереңдігі 1,6-2,3 м, су көлемі 19,6 - 47,0 млн.м 3 (1955 жылғы зерттеу). Көлдің су беті негізінен ашық. Көлге Шағалалы және Қылшақты өзендері құяды.

Физикалық-геологиялық үдерістер мен құбылыстар

Кекшетау қаласының аумағы және қаланың жақын төңірегі шегінде мынадай физикалық-геологиялық үдерістер мен құбылыстар дамуын алды: жер үсті мен жер асты суларын жел қақтыру және қызметі. Қопсытылған тау жыныстары сияқты жартастар да солай жел қақтыруға тартылады. Жартас тау жыныстарын жел қақтыру үдерістерінің негізгі нәтижесі бұл жыныстардың физикалық-техникалық қасиеттерін өзгертуге әкелетін жел қақтыру мен жарықтардың қабығының пайда болуы. Қаланың ірі кәсіпорындар аудандарында жер асты суларының көтерілу деңгейі жылына 0,03 - 0,20 м шапшаңдықпен жүріп отырады. Васильковка шағын ауданы, РК-1, РК-2 аумақтарында деңгей 1978 жылдан 1983 жылға дейін жылына 0,13 - 0,20 м жоғарылау қарқынымен 3,8 - 4,0 м 1,1 - 1,2 м дейін жоғарылады. Анағұрлым жиі су басу Чкалов-Чаглинка және Әуезов көшелері шекарасында Қопа көліне және Қылшақты езеніне дейін тартылады.

Көкшетау қаласы аумақтарын топырақ суларының және олармен байланысты су басу үдерісінің жоғарылау деңгейінің негізгі факторлары: а) Қопа көлі және Қылшақты өзені суларының көп жылдық көтерілу деңгейі есебінен пайда болған топырақты суларды тежеуі; б) ағынды су бетінің қиындығын туғызатын қала аумағының тігінен жоспарлануының болмауы; в) су келетін коммуникациялардан судың жиі апаттық ысырап болуы; г) топырақ суын қосымша қоректендіруге әкелетін су тартқыш тау қыраты қарықтардан қарсуларының жанама сүзілуі болып табылады.

Топырақтық-өсімдіктік жамылғы Көкшетау қаласы жерлерінің аумағында мынадай топырақ құрамдары бөлінген: Орта қуатты кәдімгі қара топырақ. Сортаң орта қуатты кәдімгі қара топырақ. Шалғындық-қара топырақтық орта қуатты және аз қуатты топырақ, сортаң топырақ. Аңғар шалғындық топырақ. Шалғындық-батпақ топырақ. Сортаң топырақ.

Көкшетау қаласының барлық игерілген аумағы мен қаланың одан әрі дамуының аумағы адамның қызметі нәтижесінде топырақ кескінінің ішінара бұзылатын жерге жатқызылады. Осыған байланысты көгалдандыру аймақтарының едәуір аумақтарында жасанды топырақтық жамылғы жасалған. Көгалдандыру жасанды екпе ағаштарын отырғызу жолымен жүзеге асырылады.

Климаты Көкшетау қаласының климаты айқын континенттік, жазы жылы және құрғақ, қысы ұзақ және аязды, ұзақ. Қоңыржай белдеудің Батыс Сібір климаттық аймағына жатады. Жылдық орташа температура 3,5 °C. Жаздың орташа температурасы шамамен 20,5 °C. Жылына үш ай бойы күндізгі орташа температура 20 °С асып түседі. Климат ауданы тез өзгергіш, құрғақшылықты ыстық жазы бар (+40 о С дейін) және қары аз, суық (-45 о С дейін). Ең ыстық - шілде айы (орташа температурасы +19,6 о С), барынша абсолюттік температурасы +40 о С, ең суық - қаңтар айы (орташа температурасы -16,2 о С), ал абсолюттік төменгі температурасы -45 о С құрайды. Жылдың жылы маусымы +10 градус температурамен, орта есеппен 6 мамырдан 21 қыркүйекке дейін 137 күнге созылады. Топырақтың гидротоңазытылу тереңдігі нормативтік 1,85 м, барынша - 2,6 м.

Қыста күн суық, қаңтар айындағы жылдық орташа температура мөлшері −14,5 °C шамасында, кейде Сібір аяздарының қалаға жетуіне байланысты −48 °C аязға дейін баруы мүмкін. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 230 – 400 мм. Жауын-шашын негізінен жаз айларында жауады. Күн сәулесі көлемінің орташа жылдық көрсеткіші — 2256 сағат. Атмосфералық жауын-шашын ең көп түсетін ай — шілде (69 мм), ең аз түсетін ай — ақпан (10 мм). Орташа жылдық температура — +3,5 C° Орташа жылдық жел жылдамдығы — 3,9 м/с Орташа жылдық ауа ылғалдылығы — 71 %

Экологиялық жай-күйі Көкшетау қаласының қала құрылысы дамуының экологиялық талаптарына мыналар жатады: оның тұрақты экологиялық қолайсыз аймақтарындағы өмір сүру ортасын түбегейлі сауықтыру; табиғи кешеннің қазіргі бар аумақтарын жағымсыз антропогендік әсерлерден қорғау, жүргізілген шаруашылық қызметі салдарынан жоғалтқан Қопа көлін сауықтыру және жаңғырту, сондай-ақ, резервтік аумақтарда жасыл алқаптар қалыптастыру жөніндегі шараларды іске асыру; өмір сүру ортасының жайлылығын, оның ішінде аумақтарды көгалдандыру және қаланың тұрғын үй және қоғамдық аймақтарындағы микроклиматтық жағдайларды жақсарту жолымен арттыру.