Ая Жәкенқызы Қалиева (1970 жылы 23 қазанда Алматыда туған) — композитор, музыкатанушы, музыка педагогы, қоғам қайраткері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Педагогика ғылымдарының кандидаты (2008). Селезнев атындағы Алматы хореграфиялық училишесінің директоры (2015 жылдан). Қазақстан композиторлар одағының мүшесі (1999 жылдан).
Толығырақ Ая Жәкенқызы Қалиева 1970 жылы 23 қазанда Алматыда дүниеге келген. 1990 жылы П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжін «Фортепиано» сыныбы бойынша бітірген. 1999 жылдан Қазақстан композиторлар одағының мүшесі. 1995 жылдан П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің оқытушысы, 1997 - 2004 жылдары осы оқу орынының бөлім меңгерушісі болды. 2004 - 2010 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында және Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында музыка педагогы, факултет деканы және т.б лауазымдарды атқарды. 2010 - 2015 жылдары П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры. 2015 жылдан В.А.Селезнев атындағы Алматы хореграфиялық училишесінің директоры лауазымында. Ая Жәкенқызы симфониялық музыка, балет және камералық музыкалық туындылардың авторы.
Марапаттары 2008 жылы Педагогика ғылымдарының кандидаты құрметті ғылыми атағы берілді Елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік награда "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді ҚР Білім және Ғылым министрлігінің құрмет грамотасы РФ-тың "Мәденит пен өнерге сіңірген еңбегі үшін" құрметті медалі Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері құрметті атағы 2011 жылы "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі 2015 жылы "Қазақстан Республикасының конституциясына 20 жыл" медалі
Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:Қазақстан академиялық музыканттары Санат:Педагогика ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкерлері Санат:Қазақстан музыкатанушылары Санат:Қазақстан музыка педагогтары Санат:Қазақстан музыканттары