Қарасу – Сілеті алабындағы өзен.

Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданы жерімен ағады.

Бастауы Бастауын жонды-белесті келген Ақжар төбесі етегіндегі бұлақтардан алып, Еркіншілік ауылынан төменде Ақмырза өзеніне құйылып, Ақмырза ауылынан төменде Сілеті өзеніне оң жағынан құяды.

Гидрографикасы Ұзындығы 26 км, су жиналатын алабы 301 км2. Ұзындығы 10 км болатын шағын 3 саласы бар. Жаз айларында өзен қара суларға бөлініп қалады. Аңғары шабындық және мал жайылымына пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ерейментау ауданы өзендері Санат:Сілеті су алабы