Қарақобда — Ақтөбе облысы Алға ауданындағы ауыл, Қарақобда ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Алға қаласынан солтүстік-батысқа қарай 47 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 899 адам (451 ер адам және 448 әйел адам) болса, 2009 жылы 540 адамды (283 ер адам және 257 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 430 адамды (228 ер адам және 202 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Алға ауданы елді мекендері