Жаңажол ауылдық округі — Ақтөбе облысы Байғанин ауданына қарасты әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Оймауыт ауылы кіреді. Орталығы – Оймауыт ауылы.

Тарихы 1997 жылы таратылған Миялы ауылдық округі (орталығы Миялы а.) қосылды.Облыстың әкімшілік аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы Кейін Жаңажол ауылдық округінен Миялы ауылдық округі қайта бөлініп шықты. 2007 жылы округ құрамында болған Нұржау ауылы таратылды.Байғанин ауданының жекелеген елді мекендерін тарату туралы

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 764 адамды (407 ер адам және 357 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Байғанин ауданы ауылдық округтері