нобай|Ілияс пайғамбар өмірмен және Исамен бірге. Псков маңындағы Илья пайғамбар шіркеуінен шығарылды. XIII ғасырдың аяғы. Мемлекеттік Третьяков галереясы.
Ілияс — б.з.д. 900 жыл бұрын исраил халқына келген пайғамбар. Ол Мұса пайғамбардың шариғатын ұстанған. Құранда аты аталған, тақуа діндар, пайғамбар. Ол өз халқына Құдайдың бірлігін уағыздап, Бағыл делінген пұтқа табынудан бас тартып, бір Аллаға сенуге шақырған. Оның уағызына сенбеген тайпаластары өкінішке ұрынып, Ілияс (ғ.с.) кейінгі ұрпақтар алдында даңққа бөленді. Құранның қысқа мадақтаулар бөлімінде Ілияс (ғ.с.) жөнінде, “біз ұрпақтарға оған құрмет көрсетуді қалдырдық” делінген. Оның есімі (ивритше אלי «Элийяху») - «Менің Құдайым» деген мағынаны білдіреді. Көне еврей тілінде Ілияс пайғамбардың есімін жазуда екі нұсқа қолданылған: אֵלִיָּהוּ («Элийяhу»)Киелі Кітап, Патшалықтар 3ж., 2:28Киелі Кітап, Патшалықтар 3ж., 17:19 және אֵלִיָּה («Элийя») Киелі Кітап, Малахи 4:5. Элийяху (көне еврей т. אֵלִיָּהוּ) – есіміндегі «х» (ה, «хей») әрпі тамақты кішкене хырылдатып айтылады. Құранда оның есімі арапша إلياس («Илияс») делінген. Ал, көне грек, славян тілдерінде «Илия» деген есім қалыптасқан. Таяу Шығыс халықтарының әпсанасында Ілиястың көкке әкетілуі жөнінде аңыз-әңгімелер бар. Осындай тектес аңыз-әңгімелер оны халық нанымындағы танымал тұлғаға айналдырды. Қазақ Энциклопедиясы, 9 томИслам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Көкке көтерілуі және қайта оралуы
Көкке көтерілуі
Яһудия және христиан діндерінде Ілияс пайғамбар Көкке тірідей көтерілді делінеді. Бұл оқиға Киелі Кітапта (Библияда) былайша суреттеледі:
Киелі Кітап бойынша оған дейін аспанға Ыдырыс пайғамбар тірідей көтерілген екен, ол топан су басқанға дейін өмір сүрген.
Қайта оралуы Малахи пайғамбардың кітабында, Құдай Ілияс пайғамбарды жерге қайта жіберетіні жайында айтылған:
Яһудия және христиан діндерінде, бұл жердегі көріпкелдік Ілияс пайғамбардың екінші рет келуі жайында айтылған деп есептеледі. Алайда, Інжіл бойынша, бұл көріпкелдік (тура мағынада) Ілияс пайғамбардың өзі аспаннан түсіп келуін білдірмейді, Ілиястың орнына (астарлы мағынада) Жақия пайғамбардың келуін білдіреді. Басқаша айтқанда, Ілиястың қайта келуі деген сөз, Ілиястың рухани пәрмені Жақия пайғамбарға дарығанын (яғни, олардың рухани күйлерінің ұқсастығын) білдіреді.Інжіл Матайдан, 17:12Інжіл Матайдан, 11:14. Иса Мәсіхтің алдында, Жақия пайғамбар яһуди халқына, Ілиястың рухани пәрменімен ақиқатты уағыз еткен.Інжіл Лұқадан 1:17
Бұндай түсінік, яғни "Ілиястың екінші рет келуі" Жақия пайғамбардың тұлғасында жүзеге асқаны, мұсылмандық баспа әдебиеттерінде де кездеседі. Осы орайда Әбдул Ахад Дәуд есімді мұсылман ғұламасы былай деп жазады:
Дегенмен, яһудилер, Ілияс пайғамбардың екінші рет келуі (астарлы мағынада) Жақияның келуінде жүзеге асты - делінген Иса пайғамбардың түсіндірмесін де, оның өзін де қабылдамағандықтан, олар (яһудилер) әлі күнге шейін Ілиястың аспаннан түсуін (және исраил халқына уәде етілген Мәсіхтің келуін) күтіп жүргенді.
Ілияс пайғамбар яһудия дінінде Яһудия дінінде, яһудилердің Мәсіхі келерде Ілияс пайғамбар жерге қайтып оралады делінген. Машиах (Мәсіх) иврит тілінен аударғанда «мәсіх тарту», «жағу (майлау)», басқаша сөзбен айтқанда «патшалыққа маңдайын майлау» деген мағынаны білдіреді. Яһудилердің бірінші патшасын (Құдайдың бұйрығымен) пайғамбар «мәсіх тарту» арқылы тағайындаған. Кейінгі патшалар патшалық ету үшін пайғамбармен «мәсіх етілуі» (тағайындалуы) міндетті болмады. Бірақта, бүліншілік пен дау-дамай ушыққан заманда, келесі патша кім болу керектігі даулы болған кезде пайғамбардың көмегіне жүгінетұғын. Қазір, яһудилік пайғамбарлар мен патшалардың жоқтығына екі мың жылдан астам уақыт болды. Сондықтан, жаңа патша пайғамбармен «мәсіх тарту» арқылы тағайындалуы керек, өйткені бұл патшаның кім болатынын білудің жалғыз тәсілі. Машиах келерден бұрын, Ілияс пайғамбар аспаннан түсіп, оны патшалыққа «мәсіх етуі» керек (басқаша айтқанда, «патшалыққа маңдайын майлауы керек»).
Ілияс пайғамбар Інжілде Ілияс пайғамбар Інжілдің (Ізгі хабар) бірнеше жерінде сөз етіледі. Бір эпизодта Жақия пайғамбар Иордан өзенінің жағалауында Ілиястың рухымен, күшімен уағыз еткенде, тіпті олардың сыртқы түр-сипаттары да ұқсас еді, сонда яһуди жұртының ақсақалдары мен қарапайым халықы одан, - сен Ілияссың ба? -деп сұрайды. Сол секілді Иса Мәсіхтің шәкірттері де, - Мәсіхтің алдында Ілияс келмейді ме? –деп Исадан сұраған. Сонда Иса оларға былай деп жауап берген:
Інжілдің тағы бір жерінде Мұса пайғамбар мен Ілияс пайғамбар (аян ретінде) Иса Мәсіхке жолыққаны жайында айтылады, олар Исаға «Иерусалимнен кету керектігі жайында айтқан».Інжіл Лұқадан, 9:31 Інжіл бойынша, Иса Мәсіх айқышта азап шеккенде, кей адамдар Иса Мәсіх Ілиясты көмекке шақырып тұр деп ойлады.Інжіл Матайдан, 27:49
Ілияс пайғамбар Исламда Ислам тәлімі бойынша, Ілияс (оған сәлемет болсын) – исраил халқына келген пайғамбар. Құранда ол екі мәрте сөз етіледі.Құран Кәрім, Ән’ам сүресі, 6:85 аяты және Саффат сүресі, 37:123-132 аяттары Құранда оған қатысты «мүрсәл» (елші), «салих» (салиқалы), «мумин» (мүмін, иманды) деген сөздер қолданылған:
Ілияс пайғамбар исраилдіктерге жіберілген елші. Ол Мұса пайғамбардың шариғатын ұстанған. Ілиястың жұрты Алланы тастап, Бағыл деген пұтқа табына бастаған. Ілияс, жұртын, Бағылға табынудан бас тартуға шақырды, алайда олар оның уағызына құлақ аспады. Ілиястың жұрты оны өтірікшіге балап, оны қуып шыққан, сол үшін олар ауыр жазаға тарттылды. Кенеттен басталған құрғақшылықтан егін бітік шықпады, соның салдарынан мал қырылып, ашаршылық орыналды. Исраилдіктер Ілиясты қайтарып, оның сөздеріне құлақ асатын болды. Олар пұттарын тастап, Аллаға құлшылық ете бастады. Ілияс пайғамбардың дұға етуінің арқасында жаңбыр жауып, тіршілік қайта оңала бастады.
Пайдаланылған cілтемелер
Санат: Құран Санат:Ислам Санат: Пайғамбарлар