Степное — Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы ауыл, Степной ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Бадамша ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 33 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 725 адам (364 ер адам және 361 әйел адам) болса, 2009 жылы 1078 адамды (532 ер адам және 546 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 592 адамды (302 ер адам және 290 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Қарғалы ауданы елді мекендері