Пәтуа (консенсус; — келісу, бірауыздылық)— 1) даулы мәселелер бойынша дауысқа салмай келіссөз барысында ортақ келісімге келу. Оқу-білім мекемелерін басқару процесінде шешім қабылдаудың бір амалы; 2) белгілі бір іс жөніндегі бітім, тоқтам, келісім; ислам дінінде шариғат бойынша керекті мәселе, іс жөнінде дін басы муфтидің, бас қазының шығарған қарары, шешімі, тоқтамы, қорытындысы. Мұсылмандар үшін пәтуа — бұлжытпай сөзсіз орындалуға тиісті заң, міндет, парыз. Пәтуа, әдетте, қағида, ереже, нұсқау түрінде жазылып, мұсылмандарға жария етіліп, таратылып отырған.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
Пәтуаның негізгі қызметі ел ішіндегі түйткілді мәселелерді ұрыс-жанжалсыз, ушықтырмай шешу болып табылады.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 5-том. 77-бет. «Азия Арна» баспасы. Алматы, 2014 Дереккөздер
Санат:Жантану Санат:Медицина