Футболдан Еуропа чемпионаты 1976 — 1976 жылы Югославияда өткен Еуропаның бесінші футбол чемпионаты. Финалда Чехословакия құрамасы ГФР құрамасын пенальтилер арқылы ұтып, алғаш әрі соңғы рет Еуропа чемпионы атанды. Пенальтилер сериясындағы соңғы, шешуші соққыны чехословак шабуылшысы Антонин Паненка өте шеберлікпен соғып, футбол әлемінде "Паненканың соққысы" деген термин пайда болды. Бұл — төрт құрама ғана қатысқан соңғы Еуропа чемпионаты еді. Чемпион тұңғыш рет пенальтилер сериясы арқылы анықталды. Арада төрт жыл өткен соң да үшінші орын үшін матчта Чехословакия құрамасы Италия құрамасын пенальтилер арқылы жеңді. Финалдық турнирлер тарихындағы алғашқы хет-трик соғылды. Оның авторы германиялық Дитер Мюллер (Югославиямен ойында)
Жартылай финал
3-орын үшін
Финал
Санат:Футболдан 1976 жылғы Еуропа біріншілігі Санат:1976 жылғы футбол