Бақтияр Даниярұлы Байсейітов — қазақстандық футболшы, бапкер. 1952 жылы 27 тамызда дүниеге келген. Амплуасы - шабуылшы

Өмірбаяны Футболшылық ғұмырында Шымкенттің "Мелиоратор" және Алматының "Қайрат" клубтарында ойнаған. Жалпы көпшілік оны "Қайраттың" футболшысы ретінде жақсы таниды. Футболдан Қазақстан құрамасының алғашқы бапкері. Көрсеткіштері бойынша, Ұлттық құраманы баптаған жаттықтырушылардың арасында жеңілмеген жалғыз бапкер (Оның басқаруымен құрама 7 ойын өткізді, 4 жеңіс, 3 тең ойын).

Ұлттық құрама сапында ойнаған ең жасы үлкен футболшы (39 жас, 315 күн). 1992 жылы 3 шілдеде Қазақстан - Либия кездесуінде алаңда ойыншы-бапкер ретінде ойнаған.

Бапкерлік карьерасы мынадай: «Мелиоратор» Шымкент (1986–1988), «Қайрат» Алматы (1992–1993, 2006), Қазақстан құрамасы (1992), «Ордабасы» Шымкент (2003–2004, 2015–2016), «Атырау» (2007).

Байсейітов жаттықтырған кездесулер (Ұлттық құрама) датаматчқаламәртебе1 маусым, 1992 жылҚазақстан—Түркіменстан—1:0 АлматыЖолдастық кездесу 3 шілде, 1992 жылҚазақстан—Либия—1:0 ПхеньянЖолдастық кездесу16 шілде, 1992 жылҚазақстан—Өзбекстан—1:0 АлматыЖолдастық кездесу14 қыркүйек, 1992 жылТүркіменстан—Қазақстан—1:1 АшхабадЖолдастық кездесу26 қыркүйек, 1992 жылҚырғызстан—Қазақстан—1:1 БішкекЖолдастық кездесу14 қазан, 1992 жылӨзбекстан—Қазақстан—1:1 ТашкентЖолдастық кездесу25 қазан, 1992 жылҚазақстан—Қырғызстан—2:0 ҚызылордаЖолдастық кездесу Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Жігер ФК ойыншылары Санат:Жігер ФК жаттықтырушылары Санат:Қайрат ФК жаттықтырушылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Ордабасы ФК жаттықтырушылары Санат:Атырау ФК жаттықтырушылары Санат:Қазақстан футбол жаттықтырушылары