Финляндия Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Финляндияның намысын қорғайтын құрама. Басқарушы орган - Финляндия футбол қауымдастығы.

Тарихы Финляндияда алғашқы футбол ұйымы 1907 жылы құрылған. Келесі жылы Финляндия ФИФА-ға мүше болды.

Финляндияда футбол №1 спорт түрі санала бермейді, елде футболдан гөрі қысқы спорт түрлеріне қызығушылық басым. Сондықтан 1970 жылдарға дейін ұлттық құрама тек жолдастық кездесулер өткізумен ғана шектелді. Содан кейін ғана Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеулеріне тұрақты түрде қатыса бастады.

Бірақ әзірше Әлем чемпионаттарына қатысқан емес. 2020 жылы тұңғыш рет Еуропа чемпионатына жолдама алды. Топтық кезеңде әуелі Данияны 1:0 есебімен ұтты, екінші турда Ресейден ұтылды, 0:1. Үшінші турда да Бельгияға есе жіберіп, топта үшінші орын алды да, бұл нәтиже 1/8 финалға шығуға аздық қылды.

Құраманың мергендері #ФутболшыКезеңГолМатч1Яри Литманен1989—2010321372Микаэль Форсселль1999—201429873Юнатан Юханссон1996—2010221054Ари Хьелм1983—1996201005Миксу Паателайнен1986—200018706Вернер Еклоф1919—192717327Авлиде Копонен1924—19351639Гуннар Острем1923—193716449Алексей Ерёменко2003—2013145710Йорма Вайхела1947—19541333Вильям Канерва1922—19381351Кай Паглман1954—19681356 Құрама ардагерлері #ФутболшыКезеңМатчГол1Яри Литманен1989—2010137322Сами Хююпия1992—20101055Юнатан Юханссон1996—2010105224Ари Хьелм1983—1996100205Йоонас Колкка1994—201098116Микаэль Форсселль1999—201487297Эркка Петайа1983—19948408Арто Толса1964—198177109Петри Пасанен2000—2013765Ханну Тихинен1997—2010761

Сілтемелер

ФФО ресми сайты Ойыншылары Барлық ойындары

Санат:Финляндия Ұлттық футбол құрамасы