1954 жылғы футболдан әлем чемпионатының шешуші матчы. Соғыстан кейін мұндай додаға бірінші рет қатысып отырған ГФР құрамасы алғаш рет әлем чемпионаты атанды.

Матч

Шолу Бұл екі құрама топтық турнирде де өзара кездесіп, Мажарстан құрамасы 8:3 есебімен жеңіске жеткен болатын. Сол ойында жарақат алған мажарлардың жетекші футболшысы Ференц Пушкаш финалға дейін бір кездесуде де ойнай алмады. Финалда ғана алаңға шыққан ол алтыншы минутта есеп ашып, көзге түсті. Пушкаш екінші таймда да гол соғып еді, төреші оффсайд деп есептемей тастады.

Венгрлер сегізінші минутта-ақ 2:0 есебімен алға шықты. Екінші гол қақпашының қателігінен соғылды: Өзіне ақырын домалап келе жатқан допты ұстай алмады да, сол тұста пайда болған Золтан Цибор бос қақпаны дәл көздеді.

Немістер жылдам есепті теңестірді. 10 минутта Макс Морлок қақпаға жақын жерден құлап жатып теуіп гол соқты. 18 минутта бұрыштан берілген допты Хельмут Ран аяқпен теуіп таразы басын теңестірді. Ран 84 минутта шешуші голды да соғып, чемпионат қаһарманына айналды.

Фактілер 2003 жылы неміс режиссері Зенке Вортманн "Берндегі ғажайып" атты көркем фильм түсірді. Фильмде Хельмут Ран басты кейіпкерлердің бірі ретінде сипатталады. Фильмнің соңғы жағында 1954 жылғы финалдық матч — Мажарстан - ГФР құрамаларының кездесуі жайлы эпизодтар бар.

Протокол

ГФР: қ 1 Тони Турекқр 3 Вернер Кольмайерқр 6 Хорст Эккельқр 7 Йозеф Позипальқр 8 Карл Майқр 10 Вернер Либрихш 12 Хельмут Ранш 13 Макс Морлокш 15 Оттмар Вальтерш 16 Фриц Вальтер (к)ш 20 Ханс ШеферБапкер: Зепп ХербергерМажарстан: ққ 1Дьюла Грошичқр 2Енё Бузанскиқр 3Дьюла Лорантқр 4 Михай Лантошжқ 5Йожеф Божикжқ 6Йожеф Закариашш 8Шандор Кочишш 9Нандор Хидегкутиш 10Ференц Пушкаш (к)ш 11Золтан Циборш 20Михай ТотБапкер: Густав Шебеш

Дереккөздер

Сілтемелер

http://www.das-wunder-von-bern.de/hintergrund_bedeutung.htm

Санат:Футболдан 1954 жылғы әлем біріншілігі Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Мажарстан Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Футболдан әлем біріншілігінің финалдары