Бела Гуттманн (, 13 наурыз 1900, Будапешт, — 28 тамыз 1981, Вена) — аустро-мажар футболшысы, футбол жаттықтырушысы.
Өмірбаяны 1900 жылы 13 наурызда Будапеште дүниеге келді. «Бенфика» Ол футболшылықпен емес, бапкерлікпен көбірек табысқа жетті, әсіресе 1961, 1962 жылдары ол баптаған португалиялық «Бенфика» екі рет УЕФА Чемпиондар Кубогын ұтып алды. 1962 жылы финалда Мадридтің «Реалын» 5:3 есебімен жеңіп, қатарынан екінші рет Еуропада топ жарады.
1932 жылы АҚШ-тың "Хакоах Олл Старс" сапында ойнап, футболшылық ғұмырын тамамдайды. Сол жылы-ақ бапкерлік карьерасын бастайды. Алғаш жаттықтырған клубы — Аустрияның "Хакоах" клубы. 40 жылдан астам уақыт "Милан", "Гонвед", «Бенфика», "Триестина", "Падово", АПОЭЛ, "Сан-Паулу", "Порту" т.б клубтарды баптап, 1974 жылы зейнетке шығады.
Ұлттық құрама сапында 1921-24 жылдары ойнап, алты ойын өткізген, бір гол соққан.
Бэла Гуттманн тарихтағы ең табысты бапкерлердің бірі. Карьерасында 15-тен аса клубты жаттықтырған. 4-2-4 ойын жүйесін алғаш пайдаланған бапкерлердің бірі.
1981 жылы 28 тамызда қайтыс болып, Венаға жерленді. Қазіргі күнде "Бенфикаға" бағыштаған қарғысымен жиі еске алынады. Қараңыз: Бэла Гуттманның қарғысы
Жетістіктері
Ойыншы ретінде
Мажарстан чемпионы: 1919/20, 1920/21 Аустрия чемпионы: 1924/25
Бапкер ретінде
Мажарстан чемпионы: 1938/39, 1946/47 Сан-Паули біріншілігінің чемпионы (Паулиста Лигасы) (Бразилия): 1957 Португалия чемпионы: 1958/59, 1959/60, 1960/61 УЕФА Чемпиондар Кубогының жеңімпазы: 1960/61, 1961/62 Португалия кубогы: 1961/62 Уругвай чемпионы: 1962
Барлығы 11 титул.
Әдебиетте Detlev Claussen. Béla Guttmann. Weltgeschichte des Fußballs in einer Person. — Berlin: Berenberg Verlag, 2006. — ISBN 3-937834-11-7. Ludwig Tegelbeckers. Béla Guttmann. Weltenwanderer ohne Kompromiss // Davidstern und Lederball / Dietrich Schulze-Marmeling. — Göttingen: Verlag Die Werkstatt, 2003. — P. 347—368. — ISBN 3-89533-407-3. Jenö Csaknady. Die Béla Guttmann Story. Hinter den Kulissen des Weltfußballs. — Offenbach: Bintz-Dohany, 1964.
Сыртқы сілтемелер Бэла Гуттманның өмірбаяны Еуропалық спортшылар сайтында Бэла гуттманн жайлы
Санат:Алфавит бойынша футболшылар Санат:1900 жылы туғандар Санат:13 наурызда туғандар Санат:1981 жылы қайтыс болғандар Санат:28 тамызда қайтыс болғандар Санат:Будапеште дүниеге келгендер Санат:Венада қайтыс болғандар Санат:Мажарстан футболшылары Санат:Мажарстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Милан ФК жаттықтырушылары Санат:АПОЭЛ ФК жаттықтырушылары Санат:Гонвед ФК жаттықтырушылары Санат:Порту ФК жаттықтырушылары Санат:Бенфика ФК жаттықтырушылары Санат:Аустрия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Панатинаикос ФК жаттықтырушылары