Джузеппе Меацца (итал. Giuseppe Meazza, 23 тамыз, 1910, Милан — 21 тамыз 1979, Рапалло, Италия) — италиялық футболшы, футбол жаттықтырушысы, екі дүркін әлем чемпионы (1934, 1938).

Мансабы «Интердің» сапында ойнап жүріп 361 матчта 247 гол соққан. Италия құрамасының тарихындағы мергендер көшінде екінші орында тұр, оның еншісінде 33 гол бар. Одан тек Луиджи Рива ғана көп гол соға алған. Ең ұзақ ойнаған клубы осы "Интер". 1927-40 жылдар аралығында ойнаған. Сосын "Милан", "Варезе", "Ювентус", "Аталанта" (бұл командада ойыншы әрі бапкер міндетін атқарады) клубтарында ойнап, 1946 жылы "Интерге" қайта оралады. Бір жылдай ойнап, футболшылық ғұмырын тәмамдайды.

Италия құрамасы сапында 1930-39 жылдары 53 матч өткізіп, 33 гол соққан. 1957 жылға дейін бірнеше клубтарға және Италия құрамасына (1952-53 жж) бапкерлік жасайды.

1979 жылы қайтыс болған соң Миландағы "Сан-Сиро" стадионына Джузеппе Меаццаның есімі берілді.

Жетістіктері

Командалық Интернационале

Италия чемпионы: 1929/1930, 1937/1938, 1939/1940 Италия кубогы 1939

Әлем чемпионы: 1934, 1938

Жекелей жетістіктері

А сериясының үздік мергені: 1929/1930 — 31 гол, 1935/1936 — 25 гол, 1937/1938 — 20 гол Италия тарихындағы ең үздік футбошы (референдум 1983 ж.) "Клуб 300" мүшесі (2 орын, 338 гол)

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Алфавит бойынша футболшылар Санат:Италия футболшылары Санат:1910 жылы туғандар Санат:Миланда туғандар Санат:Рапаллода қайтыс болғандар Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Аталанта ФК ойыншылары Санат:Варезе ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Италия футбол жаттықтырушылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Аталанта ФК жаттықтырушылары Санат:Бешикташ ФК жаттықтырушылары Санат:Интернационале ФК жаттықтырушылары