Футболдан Қазақстан Суперкубогы 1995 — Қазақстан Суперкубогының 1995 жылғы әрі ең алғашқы жеңімпазын анықтайтын матч. 1994 жылғы Қазақстан чемпионы Семейдің "Елім-ай" және 1994 жылғы Кубок жеңімпазы Өскеменнің "Восток" клубтары өзара кездесіп, семейліктер 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Матч 1995 жылы 9 қазан күні Алматыдағы "Орталық стадионда" өтті.

Келесі Суперкубок матчы тек 13 жылдан соң ғана, 2008 жылы ойналды.

Санат:Футболдан Қазақстан Суперкубогы Санат:Спартак Семей ФК ойындары Санат:Восток ФК ойындары Санат:1995 жылғы футбол