Антонин Паненка (; 2 желтоқсан 1948 жыл, Прага) — чехословакиялық футболшы, жартылай қорғаушы. Чехословакия Ұлттық футбол құрамасында (1973—1982) 59 матч өткізіп, 17 гол соққан. Карьерасы жайлы Ол шабуылдаушы жартылай қорғаушы позициясында ойнаған. Айып доптарын мүлтіксіз орындауымен ерекшеленіп тұратын дара футболшы. Карьерасының көп бөлігін "Богемианс 1905" клубында өткізген. Тек 1981 жылы ғана Аустриялық "Рапид" клубына ауысты. "Богемианстан" гөрі аустриялық клубтар сапында көбірек жүлделерге қол жеткізген. Клубтық деңгейдегі ең жоғарғы табысына 1985 жылы 37 жасында қол жеткізді: "Рапид" сапында Кубок Иелерінің Кубогын ұтып алды.

Ұлттық құрама сапында 1976 жылы Еуропа чемпионы атанды. 1976 жылғы Еуропа чемпионатының финалындағы пенальтилер сериясында ГФР құрамасының қақпасына шешуші соққыны Паненка тебеді. Қақпашы Зепп Майер солға қарай атылады да, Паненқаның аяқтың алқымымен ақырын көтере салған добы баяу ғана қалқып, қақпаның ортасынан торға күмп береді. Кейін дәл осылай соғалған пенальтилер "Паненка стиліндегі пенальти" деп аталып кетті.

Жетістіктері Еуропа чемпионы 1976 Еуропаның күміс жүлдегері 1980 Әлем чемпионатына қатысты 1982 Аустрия чемпионы: 1982, 1983 Аустрия кубогы: 1983, 1984, 1985 Кубок Иелерінің кубогы: 1985 Чехословакияның үздік футболшысы: 1980 Басқа да деректер Паненка 40-тан асқанша ойнаған санаулы футболшының бірі Сілтемелер Спортс.ру сайтындағы профилі

Санат:Чехословакия футболшылары Санат:2 желтоқсанда туғандар Санат:Чехословакия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Рапид Вена ФК ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары