Замбия Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол турнирлерінде Замбияның намысын қорғайтын құрама. КАФ және ФИФА мүшесі. 2012 жылғы Африка чемпионы. Басқарушы орган - Замбия Футбол Қауымдастығы.
Тарихы Солтүстік Родезия Футбол Федерациясы 1929 жылы құрылған. 1964 жылы тәуелсіздік алған соң Замбия Футбол Қауымдастығы құрылды. Осылайша құрама енді Замбия деген атаумен сынға түсе бастады. Әзірше әлем чемпионатына қатысудың мүмкіндігі болмай келе жатыр. Құраманың ең жоғарғы табысы - 2012 жылғы Африка Ұлттар Кубогындағы алтын жүлде.
Құрама тарихындағы ең қаралы дата - 1993 жылғы 27 сәуір. Buffalo DHC-5D (AF-319) әскери ұшағымен құрама мүшелері Сенегал құрамасымен кездесуге ұшып бара жатып, Габон жағалауына жақын жерде апатқа ұшырайды. Ұшақтағы 30 адам түгелдей көз жұмған. Оның 18-і Замбия құрамасының ойыншылары еді.
Апаттан соң қүрама әлсіреудің орнына күшейе түсті. 1994 жылы Африка кубогында күміс жүлде, 1996 жылы қола жүлде еншілейді. Бірақ осыдан соң 14 жыл бойы топтық турнирден өте алмаған. 2010 жылы ширек финалда Нигерияға жол берді. Есесіне екі жылдан соң Қара Құрлық бұлардың мықтылығын мойындады.
Жетістіктері Африка Ұлттар кубогы Чемпион: 2012 2-орын: 1974, 1994
КОСАФА кубогы Чемпион: 1997, 1998, 2006, 2013 2-орын: 2004, 2005, 2007, 2009
КЕСАФА кубогы Чемпион: 1984, 1991 2-орын: 1976, 1977, 1978, 1988, 2006
Атақты футболшылары Калуша Бвалиа Джейкоб Муленга Кристофер Катонго Лубамбо Мусонда Эммануэль Маюка Кеннеди Мвеене Элиджа Тана Чисамба Лунгу
Құрамы
қазан, 2015
№ФутболшыТуған күніОйынГолКлубҚақпашыларКеннеди Мвеене11 желтоқсан 19841060 Мамелоди СандаунзДжейкоб Банда11 ақпан 1988180 ЗЕСКО ЮнайтедДенни Муньяо21 қаңтар 1987150 Ред ЭрроузҚорғаушыларСтоппила Сунзу22 маусым 1989564 Арсенал (Тула)Эммануэль Мбола10 мамыр 1993540 Хапоэль (Раанана)Дэвис Нкаусу1 қаңтар 1986330 Фри Стэйт СтарсКристофер Мунтали4 сәуір 1994302 Пауэр ДайнамозКабасо Чонго11 ақпан 1992221 ТП МазембеФексон Капумбу6 қазан 1990120 ЗанакоДонашано Малама1 шілде 1987120 НканаАарон Катебе24 қаңтар 199292 Магреб Атлетик ТетуанЖартылай қорғаушыларРейнфорд Калаба14 тамыз 19869312 ТП МазембеНатан Синкала23 сәуір 1991413 ТП МазембеЧисамба Лунгу31 қаңтар 1991400 АланьяспорКондвани Мтонга14 маусым 1986321 ЗЕСКО ЮнайтедКеннеди Муденда13 қаңтар 1988281 Пауэр ДайнамозМукука Муленга6 шілде 1993251 Мпумаланга Блэк ЭйсизАллан Мукука18 сәуір 1984193 АмаЗулуЛубамбо Мусонда5 мамыр 1995122 Гандзасар (Капан)ШабуылшыларЭммануэль Маюка21 қараша 19906012еркін агентГивен Сингулума19 шілде 1986346 ТП МазембеЭванс Кангва21 маусым 1994184 Арсенал (Тула)Борнвелл Мвапе30 қыркүйек 1991176 АмаЗулу
Сілтемелер Құрама жайлы ФИФА сайтында
Санат:Замбия Ұлттық футбол құрамасы