нобай|оңға|200px|2018 жылдан бергі логотип Өзбекстан Футбол Қауымдастығы (өзб. O'zbekiston futbol assotsiatsiyasi / Ўзбекистон футбол ассоциацияси) — Өзбекстан футболын бақылайтын, басқаратын ұйым. Штаб пәтері Ташкент қаласындағы Өзбекстан көшесі, 98А үйде орналасқан. Президенті — Ачилбай Раматов.

Тарихы Өзбекстандағы футбол ұйымы алғаш рет 1946 жылы "Өзбек ССР-і Футбол Федерациясы" деген атаумен КСРО Футбол Федерациясының бөлімі ретінде құрылды. Тәуелсіздік алғаннан соң 1992 жылы Өзбекстан Футбол Федерациясы деген атпен қайта жаңартылды. 1994 жылы ФИФА мен АФК-ға мүше болды. Федерация УЕФА-ға мүше болуға мүмкіндігі бар болса да, белгісіз себептермен Азия құрлығын таңдады (УЕФА басшылығы КСРОдан бөлінген мемлекеттердің бәріне де Еуропалық ұйымға қабылдануға рұқсат берген болатын).

нобай|оңға|200px|2000-2018 жж логотипі

1994 жылы тиісті ұйымдарға қабылданған болса да құрама 1992 жылдан ресми жолдастық кездесулер өткізе бастады. 1997-2013 жылдар аралығында Орталық және Оңтүстік Азия Футбол Федерациясына мүше болды. 2014 жылы Иран, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ауғанстан, Өзбекстан құрамаларын біріктіретін жаңа ашылған субфедерация — Орталық Азия Футбол Федерациясының тізіміне енді.

Қауымдастыққа әрбір облыстың футбол федерациялары бағынады.

Құрамы Қауымдастықты президент басқарады. Қазіргі президенті Ачилбай Раматов 2018 жылдың 25 қаңтарында тағайындалды. Вице-перзидентері — Шоакрам Исроилов, Пулат Бободжонов.

Қауымдастықтың басқа да мүшелері: Рустам Курбонов, Бобур Шодиев, Мурод Алиев, Мансур Раджабов, Комил Ярашев және Наримон Джалолов.

Марапаттары ФИФА «Fair play» (адал ойын үшін) жүлдесі: 2013

Жетекшілері ЖЖ Президент 1992—1994 Эльмар Аминов 1995—2005 Закир Алматов 2006—2017 Мираброр Усманов 2017—2018 Умид Ахмаджанов 2018— Ачилбай Раматов

Сілтемелер Ресми сайты

Санат:Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы Санат:АФК футбол федерациялары