Пахтакор — Ташкент қаласындағы футбол стадионы. "Пахтакор" клубы мен Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы үйдегі матчтарын өткізеді. Сыйымдылығы - 35000 адам.
Тарихы Құрылысы 1954 жылы басталып, 1956 жылы аяқталды. Әу баста сыйымдылығы 55 000 адам болғанымен, кейін реконструкциялар жасалды да, 35 000 адамға азайды.pakhtakor.uz - «Пахтакор» стадионының тарихы.
Алғашқы ресми матч 1956 жылы 20 тамызда "Пахтакор" мен "Динамо" (Тбилиси) командаларының арасында өтті. 2012 жылғы дейін Өзбекстан құрамасының үйдегі стадионы саналып келді. "Бунедкор" стадионы ашылған соң, құрама көбіне сонда ойнайтын болды да, "Пахтакор" стадионында құрама матчтары сирек өтетін болды.
Қазір алаң жиегінде жұгіру жолдарын алып тастау мен төбесін жабу жоспарланып жатыр.
Галерея
Дереккөздер
Сілтемелер Стадионда өткен матчтар тізімі
Санат:Стадиондар Санат:Өзбекстан стадиондары