Олдржих Неедлы (чеш. Oldřich Nejedlý; 26 желтоқсан 1909 жыл Жебрак, Чехословакия — 11 маусым 1990 жыл, Жебрак, Чехословакия) — чехословакиялық футболшы. 1934 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері әрі үздік сұрмергені (5 гол).
Өмірбаяны Екі бірдей әлем чемпионатына қатысқан (1934, 1938). 1930 жылдардағы ең таңдаулы футболшылардың бірі. Футболдан 1934 жылғы әлем біріншілігінде қазіргі есеппен бес гол соққан. Олай дейтініміз, әлем біріншілігің статистиктері ұзақ жылдар бойы оны "төрт гол соқты" деп есептеп келді. 2006 жылы қараша айында әлем чемпионаттарына қайта шолу жасап, түзету енгізген ФИФА алқасы 1934 жылы жартылай финала Германияның қақпасына екі емес, үш доп соққанын дәлелдеді. 1938 жылғы әлем чемпионатында Неедлы және екі гол соқты. Сонымен барлығы жеті гол соғып, Чехословакия және Чехия құрамасының әлем чемпионаттарындағы мергендер көшін бастап тұр.
Орталық Еуропа құрамасы сапында бір матч өтікізген. (1937 жылы, Батыс Еуропа құрамасына қарсы).
Жетістіктері Әлемнің күміс жүлдегері: 1934 Әлем чемпионатының үздік мергені: 1934 Чехословакия құрамасы сапында ӘЧ-да ең көп гол соққан футболшы: 7 гол Чехословакия чемпионы: 1931/32, 1935/36, 1937/38 Богемия және Моравия чемпионы: 1939/40 Богемия және Моравия чемпионатының үздік мергені: 1938/39 (21 гол) Митропа кубогы: 1935
Дереккөздер
Сілтемелер ФИФА.ком сайтындағы профилі
Санат:Чехословакия футболшылары Санат:Чехословакия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Спарта Прага ФК ойыншылары