Хавьер Эрнандес Балькасар (; 1 маусым 1988 жыл, Гвадалахара, Мексика), Чичарито () есімімен де танымал — мексикалық футболшы, шабуылшы.
Мансабы Карьерасын "Гвадалахара" клубында бастаған. Алғашқы ойынын 2006 жылы Апертура турнирінде "Некакса" клубына қарсы өткізді. 87-минутта алаңға шығып, бес минуттан соң командасының төртінші голын енгізді.
2010 жылы "Манчестер Юнайтедке" ауысты да, алғашқы ресми голын 8 тамыз күні Англия Суперкубогы матчында "Челсидің" қақпасына соқты. Ал Англия чемпионатындағы алғашқы голын 16 қазан күні "Вест-Бромбичтің" қақпасына енгізді. Бұл ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. Маусым соңында манкуниандықтар Англия чемпионы атанды.
2014 жылы жазғы ауысымдар маусымы жабылатын күні "Реалға" өтті. Бірақ мадридтік клубтағы негізгі құрамға деген бәсекелестіктің көптігінен көбіне қосалқы құрамда қалды да, 2015 жылы ойын практикасын қайта жетілдіру үшін Германияның "Байеріне" ауысты.
2017 жылы жазда Тұманды Альбионға қайта оралып, "Вест Хэмге" ауысты. Келісім шарт мерзімі 2020 жылға дейін.
Ұлттық құрамадағы алғашқы кездесуін 2009 жылы 30 қыркүйекте Колумбияға қарсы өткізді. Тұңғыш голын 2010 жылы 24 ақпан күні Боливияның қақпасына енгізді. Хавьер құрамамен бірге 2010 жылғы әлем чемпионатына барды, топтық турнирдің екінші турында Францияның қақпасына гол соғып, есеп ашты. Бұл ойында мексикалықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті. 1/8 финалда Аргентинаның қақпасына да бір доп енгізді, бірақ бұл кездесуде Мексика 1:3 есебімен ұтылып қалды. 2014 жылы да Хавьер әлем чемпионатына қатысты, соңғы турда Хорватияның қақпасына бір доп енгізді (3:1).
Жетістіктері Командалық Гвадалахара
Мексика чемпионы: Апертура 2006 Интерлига чемпионы: 2009
Манчестер Юнайтед
Англия чемпионы (2): 2010/11, 2012/13 Англия суперкубогы: 2010
Реал Мадрид
Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: 2014 Севилья
Еуропа лигасы: 2019/20
Мексикa
КОНКАКАФ Алтын кубогы: 2011
Жекелей
Мексика құрамасының үздік мергені: 48 гол Мексика Примеросының үздік мергені: 2010 Сэр Мэтта Басби жүлдесінің иегері: 2010/11 КОНКАКАФ Алтын кубогының үздік мергені: 2011 КОНКАКАФ Алтын кубогының үздік футболшысы: 2011
Қызықты деректер Хавьердің нағашы атасы Томас Балькасар 1954 жылғы әлем біріншілігінде Мексика сапында ойнап, Франция қақпасына гол соққан. 2010 жылы жиен немересі оның сол ерлігін қайталап, Юго Льористі қапы қалдырды.
Дереккөздер
Санат:Мексика футболшылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Байер 04 ФК ойыншылары Санат:Мексика Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Солтүстік Америка чемпиондары Санат:Вест Хэм Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Севилья ФК ойыншылары Санат:Лос-Анжелес Гэлакси ФК ойыншылары