Бутан Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық футбол жарыстарында Бутанның намысын қорғайтын құрама. ФИФА және Азия Футбол Конфедерациясының мүшесі. Тарихы Азиядағы аутсайдер құрамалардың бірі. Құрама 1983 жылы құрылды. 2000 жылы ФИФА-ға мүше боп тіркелді. Әлем және Азия кубогының финалдық турнирінде ойнамаған, бірақ САФФ кубогы, Челлендж кубогы секілді аймақтық және рейтингі төмен құрамалар бас қосатын турнирлерге қатысып тұрады. Бірақ әзірше табысқа жеткен емес.
Әлем чемпионаттарының іріктеуіне алғаш рет 2015 жылы наурыз айында қатысты. Қарсыластары Шри-Ланканы өз алаңында 1:0 есебімен ұтып, сыртта 2:1 есебімен басым түсті де, келесі сатыға өтті. Екінші раундта сегіз кездесудің бәрінде де ұтылып, бес құраманың ішінде соңғы орында қалды.
2019 жылғы Азия кубогының іріктеуінде де сәтсіз ойнады.
Тағы қараңыз
The Other Final — Бутан құрамасы жайлы түсірілген фильм.
Дереккөздер
Сілтемелер Құрама жайлы ФИФА сайтында
Санат:Бутан Ұлттық футбол құрамасы