Унаи Эмери Эчегойен; (3 қараша 1971, Фуэнтеррабия, Гипускоа, Испания) — испан футболшысы, футбол бапкері. Тегі — баск.
Мансабы Футболшылық ғұмырында көбіне Испанияның екінші лигасындағы клубтарды ойнады. 2004 жылы тізесінен қатты жарақат алды да, карьерасын аяқтап, бапкерлікке кірісті. 2008 жылға дейін "Лорка Депортиво", "Альмерия" клубтарын баптады. 2008 жылы жазда "Валенсиямен" келісім жасасты. Алғышқы маусымды тәп-туір бастағанымен, маусым соңында 6-шы орынға дейін түсіп кетті. Келесі маусымда "Валенсия" чемпионатты 3-орынмен аяқтады да, Унаи келісім шартты тағы екі жылға созды. Команда 2011/12 жылғы маусымды да үшінші орынмен тәмамдады, бірақ УЕФА Чемпиондар Лигасында сәтсіз ойнап, Унаи командадан кетті.
2012 жылы Мәскеудің "Спартагына" барды. Бірақ сүреңсіз нәтижелерден соң сол жылдың қараша айында-ақ орнын босатты. Екі айдан соң "Севильяның" тізгінін ұстады. Маусым соңында "Севилья" бесінші орынға жайғасты да, УЕФА Еуропа Лигасына жолдама алды. Келесі маусымынан бастап қатарынан үш жыл УЕФА Еуропа Лигасын ұтып алды. Осы жетістіктерден соң Париждің "ПСЖ" клубынан шақырту алды.
ПСЖ 2017/18 жылғы маусымда Франция чемпионы атанды да, Франция кубогын ұтып алды. Бірақ УЕФА Чемпиондар Лигасындағы сәтсіздіктен соң (1/8 финалда "Реалдан" ұтылып қалды) маусым соңында командадан кетті.
2018 жылдың 23 маусымында "Арсеналдың" бас бапкері боп тағайындалды. 2019 жылы "Арсенал" УЕФА Еуропа лигасының финалына шықты, бірақ "Челсиден" 0:4 есебімен ойсырай ұтылды.
2019 жылы 27 қарашада УЕФА Еуропа Лигасында өз алаңында "Айнтрахт" клубынан ұтылған соң "Арсеналдан" кетті.
Жетістіктері «Севилья»
УЕФА Еуропа Лигасының жеңімпазы (3): 2013/14, 2014/15, 2015/16
«ПСЖ»
Франция чемпионы: 2017/18 Франция кубогы (2): 2016/17, 2017/18 Францкз Лигасы кубогы (2): 2016/17, 2017/18 Франция Суперкубогы (2): 2016, 2017
Статистикасы 28 қараша, 2019 жыл КомандаБастаған мерзіміАяқтаған мерзіміКөрсеткіштеріОҰТЖ%Валенсия22 мамыр 200826 мамыр 2012221109585449.32Спартак (Мәскеу)10 маусым 201225 қараша 2012261221246.15Севилья13 қаңтар 201328 маусым 2016198104415352.52Пари Сен-Жермен28 маусым 201623 мамыр 201811287141177.67Арсенал (Лондон)23 мамыр 201829 қараша 20197843161955.13Барлығы64435613515355.28
Сілтемелер Унаи Эмеридің жеке сайты
Санат:Испания футболшылары Санат:Испания футбол жаттықтырушылары Санат:Реал Сосьедад ФК ойыншылары Санат:Леганес ФК ойыншылары Санат:Альмерия ФК жаттықтырушылары Санат:Валенсия ФК жаттықтырушылары Санат:Спартак Мәскеу ФК жаттықтырушылары Санат:Севилья ФК жаттықтырушылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК жаттықтырушылары Санат:Арсенал Лондон ФК жаттықтырушылары Санат:Вильярреал ФК жаттықтырушылары Санат:Астон Вилла ФК жаттықтырушылары