Эрнест Оттон Вилимовский (, ; 23 маусым 1916 жылhttps://commons.wikimedia.org/wiki/Category:Ernst_Willimowski, Катовице — 30 тамыз 1997 жыл, Карлсруэ) — Польша және Германия ұлттық құрамаларының футболшысы. Шаубыл шебінде ойнаған.
Карьерасы 1938 жылғы әлем чемпионатында Бразилияның қақпасына төрт гол соқты. Бірақ бұл ерлігі құраманың жеңіске жетуіне аздық қылды: Бразилия 6:5 есебімен жеңіске жетті. Польша құрамасы сапында 22 ойында 21 гол соққан.
Польша құрамасы сапында соңғы рет 1939 жылы 27 тамызда Мажарстан құрамасына қарсы ойнады. Бірнеше күннен соң Гитлер әскерлері Польшаны жаулап алды да, Эрнест Германия азаматтығын қабылдады. Кейін Германия құрамасы (дәлірек айтқанда, Үшінші Рейх құрамасы) сапында да ойнап, сегіз ойында 13 гол соқты.
1940 жылдан бастап Германия клубтары сапында ойнады да, өмірінің соңына дейін Германияда тұрақтап қалды. 1997 жылы 30 тамыз күні 81 жасында қайтыс болды.
Жетістіктері
Командалық
Польша чемпионы: 1934, 1935, 1936, 1938, 1939 ӘЧ-1938 және 1936 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы Германия кубогы: 1942
Жеке
Польша чемпионатының мергені: 1934, 1936, 1939 Дереккөздер
Сілтемелер Ficha oficial de Ernest Wilimowski en la FIFA Санат:Польша футболшылары Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Польша Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Кайзерслаутерн ФК ойыншылары Санат:Аугсбург ФК ойыншылары Санат:Мюнхен 1860 ФК ойыншылары