Рональд де Бур (; 15 мамыр 1970) — нидерланд футболшысы, жартылай қорғаушы. Бүгінде бапкер. Тағы бір нидерландтық футболшы Франк де Бурдың сыңары.
Мансабы "Аякс" футбол мектебінің түлегі. 1988-98 жылдар аралығында "Аякс" сапында көптеген жүлделерге қол жеткізді. 1991 жылы "Твентеге ауысқанымен, екі жылдан соң туған клубына қайта оралды.
1998 жылы сыңары Франкпен бірге "Барселонаға" ауысты. 1999 жылы Испания чемпионы атанып, 2000 жылы Шотландияға "Рейнджерс" сапына ауысты. Шотландиялық клубта төрт маусым ойнаған соң тағы да Франкпен бірге Катар клубтарында екі жылдай ойнап, карьерасына нүкте қойды.
Ұлттық құрамада 1993-2003 жылдары ойнады. 1998 жылы әлем біріншілігінде жартылай финалға дейін жетті. 2000 жылғы Нидерландта өткен Еуропа чемпионатында да жартылай финалда Италияға жол берді. Осылайша, ағайынды де Бурлар, Бергкамп, Клюйверт, Овермарс, Давидс секілді алтын буын ұлттық құрамада жүлдеге қол жеткізе алмады.
Жетістіктері
Аякс
Нидерланд чемпионы (5): 1990, 1994, 1995, 1996, 1998 Нидерланд кубогы (2): 1993, 1998 Нидерланд суперкубогы (3): 1993, 1994, 1995 Нидерландтың үздік футболшысы (2): 1994, 1996 Чемпиондар Лигасы (1): 1995 УЕФА суперкубогы (1): 1995 Құрлықаралық кубок (1): 1995 Чемпиондар Лигасының финалисі (1): 1996
Барселона
Испания чемпионы (1): 1999
Рейнджерс
Шотландия чемпионы (1): 2003 Шотландия кубогы (1): 2002, 2003 Шотландия Лига кубогы (2): 2002, 2003
Нидерланд құрамасы
Әлем чемпионатының жартылай финалисі: 1998 Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары Санат:Твенте ФК ойыншылары Санат:Рейнджерс ФК ойыншылары Санат:Әл-Райян ФК ойыншылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Нидерланд футбол жаттықтырушылары