Дирк (Дик) Якобюс Виллем Наннинга (; 17 қаңтар 1949, Гронинген, Нидерланд — 21 шілде 2015, Маасейк, Бельгия) — нидерланд футболшысы, жетпісінші жылдардың екінші жартысы мен сексенінші жылдардың басында әлемнің ең таңдаулы футболшыларының бірі болған. Әлемнің күміс жүлдегері (1978). Халықаралық карьерасы Ұлттық құрама сапында 1978 жылы 5 сәуірде Туниске қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты. Бұл кездесуде Наннинга екі доп соқты да, құрама 4:0 есебімен ұтты. Сол жылы әлем чемпионатына қатысты. Чемпионатта 4 кездесуде алаңға шықты. Екінші раундтағы ГФР футболшыларымен кездесуде алаңнан қуылды. Бірақ финалға дейін жазасын өтеп, негізгі құрамда алаңға шықты. Финалда Аргентинаның қақпасына гол соғып есепті теңістірдіФилатов Л. Развязка и начало // Футбол-Хоккей. 2 июля 1978. № 27 (945). С. 8—9.. Бірақ мұнан соң нидерландылықтар екі гол жіберіп алып, 1:3 есебімен ұтылып қалды.
Арада екі жыл өткен соң Еуропа чемпионатына қатысты. Үш кездесуде бір таймнан ғана ойнап, гол соға алмады, тек Грекиямен матчта пенальти жасап берді, оны Кист енгізді.
1981 жылы 32 жасында ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтады.
Жетістіктері
Әлемнің күміс жүлдегері: 1978 Нидерланд кубогының финалисі: 1975/76 Гонконг чемпионы: 1982/83 Нидерланд бірінші дивизионының жеңімпазы: 1983/84 Дереккөздер
Сілтемелер Футболшының профилі Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Рода ойыншылары