Луис Фабиано Клементе (порт: Luís Fabiano Clemente; 8 қараша 1980, Кампинас, Сан-Паулу) — бразилиялық футболшы, шабуылшы.

Биографиясы Карьерасын «Понте-Прете» клубында бастады. "Сан-Паулуда" ойнаған соң 2004 жылы Еуропаға келді. Еуропа клубтарында ең ұзақ ойнаған клубы — "Севилья". "Севильяда" аз уақыттың ішінде клуб көшбасшысына айналып шыға келді. Жүлдесіз де қалған жоқ, екі жыл қатарынан УЕФА кубогын, 2006 жылы УЕФА Суперкубогын ұтып алды.

2011 жылы 11 наурызда Бразилияға қайта оралып, "Сан-Паулумен" келісім шартқа отырды.

2016 жылы Қытайға, "Тянзың Сюанзың" клубына ауысты да,е бір жылдан соң тағы да Бразилияға қайта келіп, "Васко да Гама" клубына өтті.

Ұлттық құрамада 2003-13 жылдар аралығында ойнады. 2009 жылы Конфедерациялар кубогында топ жарды.

Жетістіктері Сан-Паулу

Рио — Сан Паулу турнирі: 2001 Оңтүстік Америка кубогы: 2012

Порту

Құрлықаралық кубок: 2004

Севилья

Испания кубогы: 2007, 2010 Испания суперкубогы: 2007 УЕФА кубогы: 2006, 2007 УЕФА суперкубогы: 2006

Бразилия құрамасы

Оңтүстік Америка чемпионы: 2004 Конфедерациялар кубогы: 2009

Жеке жетістіктері

Бразилия чемпионатының үздік мергені: 2002 Либертадорес кубогының үздік мергені: 2004

Сілтемелер Профилі

Санат:Бразилия футболшылары Санат:Понте-Прета ФК ойыншылары Санат:Сан-Паулу ФК ойыншылары Санат:Ренн ФК ойыншылары Санат:Порту ФК ойыншылары Санат:Севилья ФК ойыншылары Санат:Васко да Гама ФК ойыншылары

Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары