Патрик Донале Виейра (; 23 маусым 1976, Дакар) — француз футболшысы, тегі сенегалдық. Жартылай қорғаныста ойнаған, бүгінде бапкер. Қазір Дженоа клубын жаттықтырады.
Мансабы Карьерасының көп бөлігі "Арсеналда" өтті. 1996 жылы "Миланда" бір маусым ойнап, Италия чемпионы атанды да, лондондық клубқа барып қосылды. "Арсеналда" тоғыз маусым доп теуіп, үш рет Англия чемпионы атанды. Бірақ клубтық деңгейдегі халықаралық жүлделерді ұту мақсатында 2005 жылы "Ювентусқа" кетті.
2005/6 жылғы маусымда Италия чемпиондығын ұтып алғанымен, Италиядағы жемқорлық пен сыбайластық жанжалынан соң "Ювентустың" бұл жетістігі жоққа шықты да, команда В сериясына түсіп кетті. Төменгі лигада ойнағысы келмеген Вьейра "Интернационалға" ауысты.
2010/11 жылғы маусымда "Манчестер Ситиде" доп тепті.
Ұлттық құрама сапында 1997-2010 жылдары ойнап, 1998 жылы әлем чемпионы, 2000 жылы Еуропа чемпионы атанды.
Жетістіктері
«Милан»
Италия чемпионы: 1995/96
«Арсенал»
Англия чемпионы: 1997/98, 2001/02, 2003/04 Англия кубогы: 1997/98, 2001/02, 2002/03, 2004/05
«Интернационале»
Италия чемпионы: 2006/07, 2007/08, 2008/09
«Манчестер Сити»
Англия кубогы: 2010/11
Ұлттық құрама
Әлем чемпионы: 1998 Еуропа чемпионы: 2000
Жеке
Құрмет легионы ордені: 1998 Англиядағы жыл футболшысы: 2000/01 FIFA 100: 2004
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
A Tearful Divorce Новость о переходе Виейра в Ювентус Профилі Патрик Виейра
Санат:Франция футболшылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары