Sky Sports — British Sky Broadcasting спутниктік телекөрсетілім компаниясының құрамына енетін Ұлыбритания мен Ирландиядағы спорттық телеарналар бренды. Ұлыбритания мен Ирландиядағы ең танымал ақылы спорттық телеарна. 1990-шы және 2000-шы жылдары британдық спорттың коммерциализациясында үлкен рөль атқарды. Тікелей телекөрсетілімдер үшін спорттық шаралардың, солардың ішінде Премьер-лиганың да, күнтүзбелерін ауыстыру құқығына ие.

Каналдар Қазіргі таңда спорттық бағдарламалар пакетінде Sky Sports 1, 2, 3, 4 және 5 каналдары қызмет барысында.

Каналдардың HD және 4k UHD форматтарындағы нұсқалары да қолжетімді.

Сонымен қатар тәулік бойы Sky Sports News HQ жаңалықтар арнасы қызмет етеді.

Арнаға өзіндік Sky Sports News Radio радиостанция тиесілі.

2012 жылдың 9 наурызынан бастап Формула-1 жарыстарының телекөрсетілімдерін таратушы Sky Sports F1 арнасы іске қосылды.

2014 жылдың 12 тамызынан бастап Чемпиондар Лигасының матчтарына, испандық Ла лигаға, голландиялық Эредивизиеге және Еуро-2016 турнирінің квалификациясына бағытталғын Sky Sports 5 телеарнасы іске көшірілді.

Трансляциялар Футбол: Ағылшын Премьер-лигасы Англияның футбол лигасы Англия Кубогы Футбол лигасының Кубогы Ла Лига Эредивизие Major League Soccer Еуро-2016 іріктеу кезеңінің ойындары Шотландия Премьер-лигасы Шотландия Кубогы Солтүстік Ирландия чемпионаты Крикет: Әлем Кубогы Чемпиондар Кубогы World Twenty-20 Англия чемпионаты Үндістан чемпионаты Регби: Чемпиондар Кубогы Англия чемпионаты Guiness Pro 12 Super Rugby Жастар арасындағы әлем Кубогы Әйелдер арасындағы әлем Кубогы Франция чемпионаты Жолдастық ойындар Регбилиг: Еуропа Суперлигасы Автоспорт: Формула-1 GP2 GP3 DTM Мотоспорт: Спидвейден әлем чемпионаты Elite League Speedway Теннис: US Open ATP турнирі Гольф: US Open PGA Championship Әлем Кубогы Райдер Кубогы PGA Tour European Tour Дартс: PDC турнирі BDO турнирі Америкалық футбол: Ұлттық футбол лигасы Гэль футболы: GAA чемпионаты Басқа спорт түрлері: Жеңіл атлетика Снукер Триатлон Нетбол Шарлар (Боулз) Атты спорт Бокс

Дереккөздер Санат:Ағылшын тілді телеарналар Санат:Спорттық телеарналар