Даррен Роберт Андертон (; 3 наурыз 1972 жыл, Саутгемптон) — ағылшын футболшысы, жартылай қорғаушы. 1996 жылы Еуропа чемпионатына, 1998 жылы әлем чемпионатына қатысты.

Карьерасы "Тоттенхем" сапында ойнап көпке танылды. "Тоттенхемде" 12 жылдай доп тепті. Әр жылдарда күшті командадан ұсыныстар түскенімен, командаға адалдығын сақтау үшін ешқайда бармады. Бірақ 2004 жылы команданың жаңа бапкері Жак Сантини (Сантини ЕУРО-2004 турнирінде Франция құрамасын жаттықтырған болатын) Даррен Андертонды қажетсінбейтінін айтқан соң амалсыз командадан кетті. Карьерасының соңғы жағында төртінші дивизионда ойнайтын "Борнмут" клубында доп теуіп, 2008 жылы футболмен қоштасты.

Ұлттық құрама сапында 1994-2001 жылдары ойнады. 1998 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің соңғы матчында Колумбияның қақпасына гол соқты.

Жетістіктері Лига кубогы — 1999 Еуропа чемпионатының қола жүлдегері — 1996

Сілтемелер Биографиясы

Санат:Англия футболшылары Санат:Англия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Портсмут ФК ойыншылары Санат:Тоттенхэм Хотспур ФК ойыншылары Санат:Борнмут ФК ойыншылары Санат:Вулверхэмптон Уондерерс ФК ойыншылары