Эмил Уильям Айвенхо ХескиEmile Heskey — Forvo. (; 11 қаңтар 1978 жыл, Лестер) — ағылшын футболшысы, шабуылшы. Англия құрамасында ойнаған.

Футболшы жайлы фактілер

Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 1999 жылы 28 сәуір күні Мажарстанға қарсы өткізді. Алғашқы голды 2000 жылы 3 маусым күні Мальтаның қақпасына соқты. 2010 жылғы әлем чемпионатынан соң Ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтады. Соңғы ойынын 2010 жылғы әлем чемпионатында өткізді. 2009 жылы 6 маусым күні Алматыдағы "Орталық" сатдионда Қазақстан құрамасының қақпасына гол соғып есеп ашты. Бұл — 2010 жылғы әлемдік доданың іріктеу ойыны болатын.

Жеке өмірі Әуелі Кайли Пинсентке үйленіп, 2004 жылы ажырасып кетті. Қазіргі әйелінің аты Чантил Таго. Алғашқы әйелінен үш, кейінгі әйелінен екі ұлы бар.

Жетістіктері

Командалық Ливерпуль

Англия кубогы: 2001 Лига кубогы: 2000, 2001, 2003 Англия суперкубогы: 2001 УЕФА кубогы: 2001 УЕФА суперкубогы: 2001

Қатысқан турнирлері

Еуропа чемпионаттары — 2000, 2004 Әлем чемпионаттары — 2002, 2010

Дереккөздер

Сілтемелер Профиль Профиль Профиль

Санат:Англия футболшылары Санат:Лестер Сити ФК ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Бирмингем Сити ФК ойыншылары Санат:Уиган Атлетик ФК ойыншылары Санат:Астон Вилла ФК ойыншылары Санат:Болтон Уондерерс ФК ойыншылары