Георги Чакветадзе (29 қыркүйек 1999, Тбилиси, Грузия) — грузин футболшысы, жартылай қорғаушы. Грузия құрамасының ойыншысы.
Карьерасы "Динамо" (Тбилиси) футбол клубының түлегі. 2017 жылдан бері Бельгияның "Гент" командасының жартылай қорғаушысыhttp://www.fcdinamo.ge/ge/news?n=101859.
Грузияның бірнеше жастар құрамасында ойнады. Негізгі құрамадағы алғашқы ойынын 2018 жылы 24 наурызда Литваға қарсы өткізіп, бір гол соқты. Бұл ойында грузиндер 4:0 есебімен жеңіске жетті.
УЕФА Ұлттар Лигасы турниріндегі тұңғыш голдың авторы. Ол голды 2018 жылы 6 қыркүйекте Астанада Қазақстан құрамасының қақпасына енгізді. Бұл кездесуге Грузия 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Жетістіктері
Жеке
УЕФА Ұлттар Лигасы турнирі тарихындағы тұңғыш голдың авторы
Дереккөздер
Сілтемелер Георги Чакветадзе болашағы бар футболшы
Санат:Грузия футболшылары Санат:Гент ФК ойыншылары Санат:Динамо Тбилиси ФК ойыншылары Санат:Грузия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары