Йенс Леманн (; 10 қараша 1969, Эссен, Солтүстік Рейн-Вестфалия, ГФР) — германиялық футболшы, қақпашы.
Мансабы Клубтық Карьерасын 1987 жылы "Шальке" клубында бастады. 11 маусым бойы клубтың намысын қорғап, 1997 жылы УЕФА кубогын иеленді. 1998 жылғы әлем чемпионатынан соң "Миланға" өткенімен, алаңға тұрақты шыға алмай, 1999 жылдың басында "Боруссияға" өтті. Дортмудтық клуб сапында 2002 жылы Германия чемпионы атанды, еурокубоктердегі жоғары жетістігі 2002 жылғы УЕФА финалы болды. Финалда "Боруссия" "Фейеноордтан" ұтылып қалды.
2003 жылы жазда "Арсеналдан" Дэвид Симэн кетті де, орнына Леманн барды. Жаңа клубтағы алғашқы маусым ауырлау басталса да, соңында клуб бір рет те жеңілместен маусымды аяқтап Англия чемпионы атанды.
2005/06 жылғы маусым Леман үшін табыстырақ болды. Чемпиондар Лигасында финалға дейін екі гол ғана жіберді. Финалдағы "Барселонамен" ойынның 18-минутында Леманн алаңнан қуылды да, бір ойыншысы кем "Арсенал" 1:2 есебімен ұтылып қалды. Келесі маусымда Леманның осы турнирдегі гол жібермеген уақыты 853 минутқа жетіп, рекорд жасадыhttp://www.sport-express.ru/newspaper/2006-09-15/5_1/.
2008 жылы жазда отанына оралып, "Шалькеге" ауысты. Екі жыл өткен соң 2010 жылы жазда карьерасын аяқтайтынын мәлімдедіhttp://www.newsru.com/sport/09may2010/lemann.html.
2011 жылы көктемде Қақпашысының бәрі жарақат алған "Арсенал" оны қайта шақырдыhttp://www.arsenal.com/news/news-archive/lehmann-rejoins-arsenal-on-short-term-deal . Леманн маусым біткенше "Арсенал" сапында өнер көрсетті. Сол жылы жазда карьерасын қайтадан біржола аяқтады.
Ұлттық құрама Леманн Германияның жастар және олимпиадалық құрамасында ойнады. Негізгі құрамаға 1995 жылы шақырылғанымен, ұзақ жылдар бойы Андреас Кепке, Оливер Кан секілді қақпашылардың көлеңкесінде қалды. Тек 2006 жылы 36 жасында ғана ірі турнирге негізгі қақпашы ретінде барды. 2006 жылғы әлем чемпионатында Германия жартылай финалға дейін жетті. 1/4 финалда пенальтилер сериясында Леманн Аргентина құрамасының екі соққысын қайтарды.
2008 жылғы Еуропа біріншілігінде Германия финалға дейін жетті. Леманн барлық ойында алаңға шықты. Финалда құрама Испаниядан 0:1 есебімен ұтылды да, Леманн осы турнирден соң ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтады.
Жетістіктері
Командалық «Шальке 04»
УЕФА кубогы: 1997
«Боруссия» (Дортмунд)
Германия чемпионы: 2002
«Арсенал» (Лондон)
Англия чемпионы: 2004 Англия кубогы: 2005 Англия Суперкубогы: 2004
Германия құрамасы
ӘЧ-2002 күміс жүлдегері Конфедерациялар кубогының күміс жүлдегері: 2005 ӘЧ-2006 қола жүлдегері ЕУРО-2008 күміс жүлдегері
Жеке
УЕФА сауалнамасы бойынша Еуропаның үздік қақпашысы: 1996, 2006
Қатысқан тунирлері
Әлем чемпионаттары: 1998, 2002, 2006 Еуропа чемпионаттары: 2004, 2008 Конфедерациялар кубогы: 1999, 2005 Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Статистикасы
Санат:Германия футболшылары Санат:Шальке 04 ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары Санат:Штутгарт ФК ойыншылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары